-248-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Дін мен руханият шатыры болмаса, ғылым теріс
жолға пайдаланылып кетеді. Қоғамда бейбастақтық
етек жайып, күшейіп кетпеуі, онын алдын алу, тек
иман мен Құран тәрбиесімен ғана мүмкін. Тарихқа көз
салып қарасақ, дінсіздік пен имансыздықтың қоғамға
түсірген қара дақтарын, жараларын көре аламыз. Ба-
зыбір адамдардың өз білімдерін дін мен мінезге шабуыл
жасауға пайдаланғандары не нәпсі бейімдеріне беріліп
теріс пайдаланғандары айғақ. Діни тәрбиенің берілмеуі,
материалистік пікірлерге, яғни тек дүние байлықжолына
түсуіне жол ашады. Ал бұл болса, дінсіздіктің ірге тасы.
Негізінде материализм фәлсәфә емес – ой, пікір жағынан
бейшаралық, масқаралық. Ол даналық емес, ауру.
Дінсіз болудың ең маңызды себептерінің бірі – ғапыл
әрі кәпір адамдардың пенделік ақыл, ой-сананың шек-
теулі болғанын аңғарудан мақұрым болулары. Бұлар
аңғарып, түсіне алмаған шындықтарды жоққа шығарған
байқұстар.
Өзінің шамасын, білімсіздігін білмейтіндер жайында
Құран Кәрімде былай айтылған:
«Адам баласы біздің өздерін бір тамшы судан
(мәни-
шәует)
жаратқанымызды білмей ме? Сонда да
(Аллаһқа)
нағыз дұшпан бола қалған».
(Ясин, 77)
Осы қасарысып қалған кәпірлер өздеріне ескерту жа-
сап, дұрыс мәлімет берейін дегендердің өзіне, өз көңілдері
соқыр, керең тіпті, өлі болғаны үшін, «Қойыңдар, білім
ғасырындамыз, айтқандарың бұрынғылардың ертегісі»
сияқтысөздерді айтуға, ақымақша тырысады.Мұндайлар
туралы аят кәримаде былай айтылған:
«Оларға пайғамбарлары мұғжизалармен (айқын
дәлелдермен) келгенде, олар өздеріндегі
(болмашы)
бі-
лімге насаттанғандықтан
(пайғамбарларды өтірікке
шығарып, келеке қылғандықтан)
, өздері мысқылдап