Previous Page  247 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 278 Next Page
Page Background

-247-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тойдырып, киіндіру емес, оларға рухани азық беріп,

болашаққа дайындау.

Ата-ана Аллаһ Тағала мен Хазіреті Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген махаббатты әрі

мұның маңыздылығын баланың көңілінен орын алдыр-

маса, ол бала «діни міндетімді атқарсам болғаны» деп

көңілсіз құлшылық етеді. Мұның ақыры намазды кей-

де оқып, кейде оқымауға апарып соғады. Ғибадаттан

ешқандай рухани ләззәт ала алмайды, мақұрым қалады.

Ұл-қыздарымызды Құран мен сүннет (пайғамбар-

ымыздың жолы) аясында өсіріп, тәрбиелеуіміз – оларға

деген мейірімділік пен сүйіспеншіліктің қажеттілігінен;

ал немқұрайлы қарағанымыз – зұлмат. Оларға келін не-

месе күйеу бала іздестіргенімізде дүнияуи байлығына

емес, рухани байлығына көңіл аударуымыз керек. Себе-

бі, дін тәрбиесі болмаған, рухани байлықтарын білмейтін

жанұялар ажырасып жатады. Яки, қиыншылыққа толы

бір ғұмыр кешеді.

Ұл-қыздарымызды әуесқойлықтан, шектен шығудан,

қыдырудан әрі ысыраптан, сондай-ақ үйге жай уақытта

келіп-кетулерден және де, әдептілік пен инабаттылық

бұзатын газет, журнал, телевидиние сияқты ахбарат-

тан сақтап, Аллаһқа, Құранға, Пайғамбарға, шыншыл

әрі салиқалы, әулиелерге деген махаббатпен көңілдерін

толтыруымыз қажет. Сөйтіп, жүректері зұлматан аман

қалып, нұрлы бүршіктермен жандансын.

Сәби,сондай-ақбейкүнәкөңілдерАллаһпенПайғамбарға

деген махаббат әрі руханиятпен толғанда ғибадат өзгеше

бір шаттығу мен ерекше көңіл күйімен орындалып, шыңға

қарайжолтартабастайды.Жүректеріндегі иманкүшейгені

үшін рухани байлықтары да арта түседі. Құран Кәрімді

ерекше сезіммен оқып, айрықшаләззат алады. Ондағы

әмір мен нәһилерге (тиым) ерекше назар аударады. Құран

мен Пайғамбардың мінезімен жамылады.