-252-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ҚҰРАН КӘРІМ АЛДЫНДАҒЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ
Адамзатты ең әдемі кейіпте жаратқан Аллаһ Тағала
оны ақыл, түйсік, түсіну әрі ойлау қабілеті сияқты ерек-
ше қасиеттерменбезендіріп, жабдықтаған. Әрине, бұл
қасиеттердің табиғи де қисынды нәтижесі – жауапкер-
шілік. Барлық жаратылыстың теңдессіз орынды ұстап
тұрған адамзаттың ең үлкен жауапкершілігі – Раббысы-
на, жаратқан иесіне
«Құлшылықты»
лайықты түрде жа-
сау.
Аллаһ Тағаланың адам баласына бүл дүниедегі бер-
ген нығметтерінің ең ұлысы –
Құран Кәрімге
тыңдаушы
етуі. Бірақ, бұл нығметтің жауапкершілікті арттыраты-
ны сөзсіз. Себебі, «судың да сұрауы бар емес пе?» деген-
дей, әр нығметтің қарсылығында ауыртпалықтың болуы
қисынды қажеттілік.
Адамзат өзіне берілген осы нығметтердің қадір -
қасиетін толығымен түсіне алса рухани шаттығуда
сәкр халі, яғни ұлы шындықтар алдында есінен тану
сияқты халге, дәрежелерге көтеріледі. Себебі, Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Пайғамбарға үмбет
болудың қадір-қасиетін түсіну бұл жауапкершіліктің
маңыздылығын аңғаруды қажет етеді. Бірақ, бұл пәни
дүниені, «сынақ әлемі» етіп жаратып, тәртіпке салған