-255-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Адам баласының рухы мен тәні арқылы істеген істе-
ріндегі қадір-қасиетпен үйлесімділік Құран Кәрімнің
нұрлы нәрі мен рахметінің әсері. Сол нұрлы нәрден құр
қалғанда үйлесімділік жоғалады да, адам өмірі нәпсі
қалаулардың шиеленіскен соғыс алаңына айналады. Не-
гізінде, бүкіл әлем, заттардан молекулаларға дейін иләһи
тағайындаумен пайда болған жүйеге бағынады. Тек адам
баласы өзіне сый ретінде берілген азғантай дәрежедегі
«ерік күшін» дұрыс қолданбай бұл жалпы үйлесімділік
пен жүйенің сыртына шығып кете алады. Осы әлемнің
тек адам баласына арна сынақ әлемі болуы туралы иләһи
мұратқа байланысты адамға берілген азғантай дәрежедегі
«ерік күшінің» (жүз-и ирадә) иләһи бұйрықтармен тәрбие
етіле алмағаны – өте үлкен зиян.
Құран Кәрімге құшақ ашпай, өз тепе-теңдігін
жоғалтқан әрбір адам, адамгершілік абыройына кір
келтірген, бұндай ұлы нығметке жете отырып, жан
түршігерліктей опасыздық жасаған әрі әуестерінің иірі-
мінде тұншығып, жойылған болып табылады.
ҚасиеттіҚұранКәрімадамбаласыншындыққа,көркем
мінез-құлық қалыптастыруға, құл екендігін түсінуге әрі
иләһи бақытқа шақырған үгіттер, әмірлер мен тиымдар
жиынтығы. Сонымен қатар, Құран Кәрім ғаламдағы
әдемілік терге, сұлулықтарға, құдірет ағыстары мен
нақыштарына назар аудартып, мұсылманның жан-
дүниесін иман шаттығымен тебірентеді. Бұл иләһи
жүйе алдында құлдың жүрегін лүпілдетіп, Аллаһ пен
Пайғамбарға деген махаббат әлеміне жеткізеді.
Еш күмән жоқ – Құран Кәрім мұсылмандарды екі
дүние бақытына жеткізу үшін түсірілген.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Құранға
жақсылап
құшақ
ашыңдар
(бе-
кем ұстаныңдар). Оны жол көрсетуші басшы деп
қабылдаңдар. Себебі, ол бүкіл әлемнің тәрбиелеушісі