-253-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) бұл сынақтың жүзеге асуы үшін
адам баласына ғапылдық берген.
Сондықтан, кей-кейде ғапылдыққа бой алдырған кей-
бір адамдар, Құран Кәрім нығметіне жетудің рухани нәрі
мен берекесінен мақұрым қалып, нәпсілеріне бағынып
жүргенде, ізгі, тақуа құлдар болса ғапылдыққа бой ал-
дырмай, Аллаһқа қауышу жолында ілгерілей береді.
Демек, адам өмірі мұндай өрлеу-еңістеу не ирек халде
жалғасады. Тарих – жеке тұлғалар мен қауымдардың
өркендеп, дамуы немесе еңістеп, жойылуы.
Шынында да 1400 жылдық ислам тарихының
ең аз дегенде бір мың жылын
«кәлиә-и тәухид»
ті
ұлықтау күресінің көсемі болып өткізген түркі тектес
халықтарының бүгінгі таңдағы жағдайын Ислам таразы-
сымен қарағанда, ауыр жауапкершіліктің мойындарына
жүктеліп, тұрғанын көреміз. Қаншама десек те, осын-
дай заманда шынайы иман мен ізгі істерге жабысудың
құны өзгеше. Себебі, бір идеа әлсіреген уақытта істелін-
ген қайрат, қамқорлық, оның күшті кезінде көрсетілген
қайраттаң мыңдаған есе маңызды да, қадірлі де.
Аллаһ әлемді бүкіл мүлкімен адамзатқа аманат етіп
тапсырған. Бала-шаға, дүние-мүлік, денсаулық т.б. сол
сияқтынәрселердіңбарлығыосыаманатішінде.Адамосы-
ны саналы де салауатты түрде түсініп, ұқыпты қолдануға
әрі сақтауға жауапты. Бұл аманаттар жиынтығының
шыңында сүйікті Пайғамбарымызға Аллаһ тарапынан
түсіріліп, адамдарды тура жолға бастаушы Құран Кәрім
тұр. Сондықтан, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қоштасу құтпасында үмметіне тапсырған ама-
наттар арасында ең әуелі Құран Кәрімге орын берген, әрі
оның мазмұнын, яғни бұйрықтары мен тиымдарын және
де басқа шындықтарды жеткізгені жайлы сахабалардан
куәлік алған. Соңынан үш рет
«Куә бол, ей, Раббым!»
– деп, Аллаһқа сиынған.