-254-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Адамзаттың
тіл-байлығы
қаншалықты
көп
болғанымен, бәрібір шектелген. Ақыл-есі бүтін әрбір
адам пенделік сөздің қандай мағнаға келгенін азды-көпті
түсінеді. Ал Аллаһ Тағаланың сөзінде болса ұшы-қиыры
көрінбес кеңдік, түбіне жетілмес тереңдік, тойылмас
ежелгі үйлесімділік пен мәнгілік ләззат бар. Адамзаттың
білімі мен ой-өрісі қаншалықты дамыса да, Құран
Кәрімнің мазмұнындағы ақиқаттардың көкжиегіне
әсте жете алмас. Себебі, Құран Кәрім ұлы Раббымыздың
өзіндегі күллі ақиқаттың біздің түсінік әлеміміздегі сөз
бен сөйлемдер түріндегі көрінісі. Жаратушы иеміздің
өз болмысын түсіну мүмкін болмағаны сияқты Құрани
ақиқаттардың шегіне жету адамзат ақылы үшін мүлдем
мүмкін емес.
Құран Кәрім қамтыған мағыналарды баяндау үшін
күні бүгінге дейін жазылған Құран тәпсірлері мен аудар-
малары шегі жоқ яғни, мұхиттан бір тамшы іспеттес. Ха-
зіреті Мәуләнә былай деген:
«Құран Кәрімнің сөз – әріптерін біраз сиямен жазу
мүмкін. Ал, сырларын жазуға сан жетпес мұхиттар, шек-
сіз теңіздер жетпес!..»
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала аят кәримаде Құрани
шындықтардың шексіздігі туралы былай дейді:ُ
ه
�
�ُ�َ�ُ �ْ�َ�ْ�
َم ٌو َا
�ْ�َ
َةٍ ا
�َ�َ�ْ �ِ� ِ
َرْض
�ْ
ا
�ِ� �َ� �
�َ
ْا
�َ�َ
َ و
�
ا
�
ِاِن
�
ت ُا
�َ�ِ�َ� ْ
َت
�ِ�َ� �َ� ٍ�ُ�ْ�َ
ُ ا
�َ�ْ�َ�ِ
ِه
�ْ�َ�ْ �ِ� ٌ
��ِ�َ� ٌ��ِ�َ�
«Егер, жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам
болса, теңіз сия болса, оның үстіне тағы, жеті теңіз
(сия
болып)
қосылса да, Аллаһтың сөздерін
(жазып)
тауысуға
болмайды. Аллаһ – нағыз жеңімпаз, анық хикмет иесі».
(Лұқман, 27)