Previous Page  240 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 240 / 278 Next Page
Page Background

-240-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Құран Кәрім «нұр мен зұлмат» құрысуы алдындағы

адамдарды құтылуға әрі зұлматтан сақтандырып, нұрға

бағыттауда. Аллаһ Тағаланың тәкуин (жаратушы)

сипатының көрінісімен бүкіл әлем пайда болғаны секілді,

кәләм сипаты менның көрінісімен де, Құран Кәрім пайда

болды. Осыған орай, бүкіл әлем–қасиетті ҚұранКәрімнің

егжей-тегжейлі тәпсірі. Демек, Құран Кәрім сөзден

құралған кең жаһан, ал жаһан болса, сөзсіз Құран. Бұл

жаһан Аллаһтың тәкуин (жарату) сипатына тән көптеген

белгі-нышандармен жабдықталған, өзінде құдірет пен

құпиялар жазылған бір кітап ретінде ғибрат алуы үшін

адамбаласының назарына ұсынылған. Ал, адам болса,

бұл екі көріністің қаймағы мен тұқымы сияқты. Сон-

дай-ақ, Аллаһ (жәллә жәләлуһу) өз құзырындағы адам

мәртебесін құдси хадисте төмендегідей баяндайды:

«Ей, құлым! Сені өзіме арнап жараттым. Барлық

заттарды да, сен үшін жараттым. Менің сендегі

ақым – сен үшін жаратылған нәрселер сені адасты-

рып, маған құлшылық жасауына бөгет болмауы. Себе-

бі, сен мен үшін жаратылдың».

Сондықтан, сопылар адам баласына «әлемнің

қаймағы», «кішкентай әлем» деген. Демек, адам баласы

жақсылыққа да жамандыққа да, нұрға да, зұлматқа да

бейімді. Осы жағдай адам баласының ет-сүйектен құрала

отырып, әруақ әлемінен бұл дүниеге жіберілуінің сырын

жайып береді.

Адам баласының бұл жалғандағы жауапкершілі-

гі, нәпсі әлеміндегі зұлматқа қарсы, иләһи сыйдың

арқасында иесі болған «нұр»-ды күшейтіп, оны жеңуі.

Сол себептен, Құран Кәрім адам баласының жан-дүниесі

мен сыртқы әлемінде әрі өзі өмір сүріп жатқан қоғамда

нұрдың зұлматқа үстемдік құруы бағытындағы әмір бен

тыйымдарға толы. Аят Құран Кәримаде айтылған: