-234-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
туылған баласын өмір бойы мейірім-шапағат құшағына
алып, бауырына басып, мәпелеп өткен ана да – ана.
Сондықтан әйелдердің бақыт салтанаты ерекше, аяулы
ана болудан басталады. Әсіресе:
«Жәннат – аналардың аяғының астында»
-
(Дәйләми,
Мүснәд, 2611)
деген хадис шәриф – салиқалы ізгі аналар
жайында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
берген куәлік.
Ана иләһи құдіретпен кеңейтілген мейірімділік
құшағы болып табылады. Жаратушының Рахман мен Ра-
хим деген есімдерінің дүниедегі ерекше көрінісі – ана.
Мәснәуикітабына түсінікжазғанТаһирулМәвләуи туу
барысында егіз балаларымен бірге қайтыс болған ананың
жағдайына қатты әсерленеді. Туыстарын іздестіріп, тау-
ып алады да:
«Мен осыүшмәйітке көңіл айту ретінде көк тасқажазу
жазғымкеледі», - деп, анажүрегіндегі мейірімшапағатты
төмендегідей суреттейді:
Мүмкіндік бермеді ажал,
Құшағыма тоя-тоя алуға.
Көрге салды мені,
Екі балапаныммен бірге.
Енді, ұстап жетім қолдарынан,
Саған келдім, Раббым, екі жетіміммен...
Балалар
– көңіл үйлесімділігі, ұждандағы жұқалығы
мен мінез-құлқы бұзылмаған жанұяларда сүйіспеншілік
сезімдерін күшейтіп, бақытқа жетелейтін ерекше сый.
Хадис шәрифте айтылғандай:
«Балалар жүрек жемісі, көздің нұры».
(Тәнбиһул-
Ғафилин, 838)
Салиқалы болып тәрбиеленген балалар, ақыретте
әке-шешелері мен жәһәннам арасында перде болады.