-233-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
өлгенге дейін де жүрегінде сақтап жүрген аналарымызға
деген сүйіспеншілік көрсету, қадірлеу жағынан оларға
тең келетін ешкім жаратылған емес. Жанұясы үшін
өз жанын, тәнін құрбан ететін ана құшақ аша сүюге,
қадірлеуге, өмір бойы сый-құрметке лайық. Әкенің
шаршағанын, балалардың адамды бездіретін ойын-шу-
ларын басатын ерекше гауһар – ананың мейірімді жүрегі
ғана. Анада бұл ұлы қасиет болғандықтан, Аллаһ Тағала
былай бұйырады:
«Біз адамдарға әке-шешеге қайырымдылық істе-
уді бұйырдық. Шешені оған әлсіреген үстіне әлсіреп
жүріп жүкті болды, екі жылда емшектен шығарады.
(Міне сондықтан ей, Инсан!)
«Алдымен маған, сосын
әке-шешеңе де шүкір ет!» деп, айтқанбыз. Қайтар орын
– менің дәргәһым
(алдым)
».
(Лұқман, 14)
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді.
«Ана ақысы турасында абай бол! Оны төбеңде тасы.
Себебі, аналар босану толғағын тартпаса, балалар
дүниеге келуге жол таба алмас еді».
Шапағат пен мейірім ең әдемі түрдегі орнын ана
жүрегінде табады. Адамдағы аналық қасиет ешқандай
жаратылыстың аналық қасиетімен салыстыруға болмай-
тын дәр ежеде ең жоғары. Себебі, адам баласының тек
тәніне ғана емес, сонымен қатар рухани әлеміне беріле-
тін алғашқы азық – анада. Иә, ана әлемнің Раббысына
ең жақын болу қабілетімен жабдықталған адам бала-
сын дүниеге әкелуде. Пайғамбарлардан бастап ең әлсіз
тұлғаларға дейінгі әрбір пенде әрі материалдық, әрі руха-
ни алғашқыазығын анасынан алады.Жаратушыиеміздің
мейірімділік сипатынан ең көп несібе алған – аналар.
Бірақ, аналық деген ұғым бір өзі басына нөмірсіз
көзілдірік сияқты. Шайтанның өзі баласын арқалап
жүргенде, өзі туған баласын әрқандай оймен тастап кет-
кен, өзінің арын өзі таптаған ана да –ана, кемтар болып