-225-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ең үлкен мақсатты көрсетеді – Аллаһ жолында махаббат
пен мейірімділік иесі болу... Сол үшінХазіреті Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жұбайы бола алатын
әйелдің сипаты әрі оны таңдау туралы былай бұйырған:
«Әйелге төрт түрлі себеппен, яғни дүние-мүлкі,
сұлулығы, тегі және діндарлығы үшін неке қиылады. Сен-
дер, діндар болғанын таңдаңдар, қолдарыңа береке ти-
сін!..»
(Бұхари, Неке VІ.123; Мүслим, Рада, 53)
Басқа бір хадис шәрифте:
«Адамның ұлылығы – дінінде. Адамгершілігі мен
абыройы – ақылында. Тегінің тазалығы болса, некемен
қорғалған мінез-құлқында жасырылған»,
- делінген.
Қоғамның бұзылмауына себепкер неке болғандықтан,
Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны
қиындатпауы туралы үмметіне төмендегідей ескерту
жасаған:
«Некенің ең қайырлысы - жеңіл болғаны».
(Әбу Дәуіт,
Неке, 32)
Өйткені, некенің қиындауы жезөкшеліктің көбейіп
кетуіне себепші болады. Ал, бұл болса қоғамның
құлдырауына апарып соғады. Осындай құлдыраудың ал-
дын алудың ең жақсыжолы – неке деген ұғымға көңіл ау-
дарып, үйленуге қаражаты болмағандарға көмек көрсету.
Өткен тарихымызда дәл осы қайырлы іске өте көп көңіл
аударылған. Сол үшін көптеген қайырымдылық қорлары
ашылған. Тіпті, Көсем Сұлтанның жесірлер мен жетім-
дерге арнап ашқан үйлендіру қоры бәріне әйгілі.
Мұхиддин Араби (құддисә сирруһ) Хазіреті некелесуге
шақырып, үйленгендерге жәрдем етудің сауабы жайлы
былай дейді.
«Садақа Жәрияның (адам өлгенен соң да, сауап жа-
зыла беретін садақасы) ең абзалы – үйленуге жәрдемші
болу. Өйткені, олардың нәсілінен келетіндер істейтін