-220-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Біліп ал, тән аш қалмайынша, Хаққа қарай бет
бұрмайды, бой ұсынбайды, қарсы келеді. Оны тоқ күйінде
жолға салу, суық темірді соққанмен тең».
«Нәпсі ашаршылықкезінде, ХазіретіМұсаныңалдын-
да жер бауырлап жалбарынған перғауынға ұқсайды».
«Бұл ауыр, тығыз ризық қиқымдарынан құтылсаң,
ұлы, әдемі әрі жеңіл ризықтарға жетесің».
«Сол рухани ризықтардан қанша жесең де, пері секіл-
ді тап-таза және қыл секілді жеп-жеңіл жүресің».
«Аллаһ дастарханынан, сол рухани азықтардан
теңіздер мөлшеріндей же. Сонда да, хош бір халде кеме
секілді жүзіп кете бересің».
«Тән асқазаны адамды сабандыққа сүйрейді. Ал, көңіл
асқазаны райханға жетелейді».
«Сабан, арпамен семірген хайуан құрбан етіледі. Хақ
нұрымен коректен де, жанды Құранға айналады».
«Асқазаннан бас тартып, көңілге қарай бет бұр да,
Аллаһтан саған пердесіз, ашық түрде сәлем келсін».
«Мынаны жақсылап біліп ал. Аштық – дәрілердің
патшасы. Аштықты жан-тәніңмен қабылда. Оны қор
көрме!»
«Барлық аурулар аштықпен емделеді. Барлық әдемі
тамақтар аш болмайынша қадірсіз болады!»
Мал-мүліктен өзіміз бен жанұямыздың күнкөрісі үшін
жұмсаймыз. Бірақ, ысыраптан сақтану керек. Себебі,
дүниедегі байлық, дәулет шектелген. Аманат болғаны
соншалық, оның сұрауы да бар. Бұлардың бүгінгі ка-
питалистік жүйесіндегідей шашып-төгіп жұмсалуы ке-
лешек ұрпақтың өмірі үшін қауіпті. Жаны бар тірші-
лік иелері арасында тек адам баласының ғана көзі тойа
қоймайды. Алайда, қой отарына шабуыл жасаған бір
жабайы жыртқыш, сол кезде тоятынын ғана өлтіреді.
«Мынаны ертең жеймін!» деп өлтіре бермейді. Тіп-