Previous Page  215 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 278 Next Page
Page Background

-215-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Сондықтан иләһи бұйрыққа бой ұсына жұмыс істеу – мін-

детіміз. Яғни, тағдырға жазылған ризық-несібенің та-

ратылып, қолға тиюі күш-қайрат жұмсап, еңбектенуге

байланған.

«Шара қолдануда селқостық танытпа, тағдырға да

күнә тақпа!» -деген мақал бар. Аллаһ Тағала құлын «ерік,

тырысу, жауапкершілік, тәуекел, сынақ» сияқты иләһи

заңдармен жабдықтаған, шеңберлеген. Бұл заңдардың

шеңберінен ауытқып кету жаратушысына қарсы келу бо-

лып табылады.

Ауырып қалғанымызда дәрігерге жүгіруіміз, дәрі-

дәрмек алуымыз, өрт зіл-зәлә секілді апаттар болғанда

сыртқа қарай қашуымыз сияқты қауып-қатерден сақтану

адамның табиғатындағы бейім.

Олай болса, адамдардың ризық табу жолындағы

еңбектері қауіп-қатерден сақтану үшін иләһи заңдылық

бойынша іске асуда. Ризық үшін күш-қайрат жұмсау.

Тағдырға бұйрық тағдыр бағдарламасына теріс келмейді.

Керісінше оған құрмет көрсетіп, иләһи бұйрыққа сәйкес

қимылдау болып саналады. Егер мұның терісі болғанда,

еңбектенуге бұйырылуымыздың ешқандай қадір-қасиеті,

хикметі қалмас еді. Себептер заңына бағынбаушылық

–Аллаһқа қарсы келу. Құран Кәрімде айтылған:

�َ�َ� �َ� �

�ِ

نِ ا

�َ�ْ�ِ�ِْ�َ �ْ�َ�ْ

وَ اَن

«Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді».

(Нәжім, 39)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бы-

лай дейді:

«Адам баласының жіп алып, тауға баруы, сондай-

ақ, бір бау отын арқалап әкеліп сатуы, сол адам үшін

басқаларға барып қайыр сұрауынан артық; қайыр

сұрағанда басқалар адамның сұрағанын берсе де, бермесе

де, сондай...»

(Бұхари, Зекет, 50)