-221-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ті, отардағы қалған қойлармен дос болып қалады. Ал,
адамзат болса, шектен тыс тойымсыз, ашкөз. Оны бұл
тойымсыздықтан құтқарудың бірінші шарты – ризықтың
азайып, көбеймейтіндігіне сендірумен қатар, ысыраптан
сақтандыру. Құран Кәрімде:
«Қандайбірнәрсеболсын, оныңкеніші
(қазнасы)
біздің
қасымызда, біз оны белгілі мөлшерде ғана түсіреміз»
(Хижр, 21)
деп, баяндалып, өмірдегі нәсіп өзгешеліктерінің
иләһи еріктің арқасында іске асқаны ашықталып,
түсінген адамға ашкөздік пен қанағатсыздық жолы
жабылған. Аллаһтың қасындағы ризықтың әр мөлшерде
бөлініп берілгені осы аят кәрімде анықталған.
Армандар, әуестерді, тойымсыздықты бірінен кейін бі-
рін жалғастырып, тізбектесек, бұл тізбек қалауға «тул-и
әмәл» делінеді. Бұлар тек мазарға дейін өмір сүреді. Соңы
– өкінішпен зиянға ұшырау.
Тул-и әмәл көлеңке сияқты қашатын, күн секілді ба-
татын, сондай-ақ өмір бойы бітіп - таусылмайтын, жалған
армандардан тұрады. Парасаттылықпен қарағанда осы
ахуал – шер жиынтығы.
Күнә істер жан-дүниені қарайтып, керең етеді.
Яғни, оның сезім қабілеті азаяды. Сондықтан рухани
аурулардың негізгі себепкерлерінің бірі – харам жеу.
Бір азықтың денедегі айналымы шамамен 40 күнде
тәмәмдалғандығынан харам жеген адамның да дұғасы
40 күн бойынша қабылданбайтыны туралы тәуәтүр*
дәрежесіндегі шындық – харамның кесірі әрі жан-
дүниедегі ауруларға деген әсерінің белгісі. Сондықтан
харам азықпен коректену, денеге рухани зәһар болғаны
соншалық, ғибадаттың ләззәтін тату әсте мүмкін емес.
Бұл жалған базарында өмір байлығымызға ықтият
болуымыз қажет. Санаулы уақытымызды, демімізді
* Тәуәтур:
әр кезеңде өтірік айтулары мүмкін емес, ең азы үш кісіден
тұратын көпшілік жеткізген нақыл сөз.