Previous Page  216 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 278 Next Page
Page Background

-216-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ибн Фирасидің айтуынша әкесі:

– Ей, Аллаһтың елшісі, (керегімді басқадан) сұрайын

ба? -деп сұрады.

Расул Әкрәм (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Жоқ, сұрама! Бірақ амалсыз қалып сұрайтын болсаң,

ізгі адамдардан сұра!»

- деп жауап берді.

(Әбу Дәуіт, Зекет, 28)

Сонымен қатар Хақ Тағала ризықты табуда мақлұқатты

бір-біріне себепші еткен. Сондықтан, пақырларға қарасу,

керек-жарақтарынашынкөңілменжәрдемдесу,Аллаһтың

(жәллә жәләлуһу) бізге берген жақсылақтарынан оларға

бөліп беруіміз – үлкен жақсылық, иләһи сый.

Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 4 шари-

ярымен (Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар, Хазіре-

ті Осман, және Хазіреті Әли) бірге дүниеден өздерінің

жақсы көретін үш нәрсесін санап отырған еді. Осы ара-

да Жәбірейіл (аләйһиссәләм) келіп, ол да бұл сұхбатқа

қатысты. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) одан да жақсы көретін үш нәрсе санауын сұрады.

Жәбірейіл (аләйһиссәләм) былай деді.

«Осы дүниеде өмір сүретіндерден болғанымда үш

нәрсені бәрінен жақсы көрер едім:

Адасқандарғажолкөрсету, пақырболатұрақұлшылық

етушілерді сүю, бала-шағасы көп болған кедейлерге

жәрдем ету...»

(Фәзаил-и Амал, 259 б)

Адал азық

Бұл жерде ерекше көңіл аударатын ең маңызды нәрсе

– адал азық. Себебі, адамның нұрын көбейтетін, кемел-

дендіретін негізгі себеп – адал жолдармен табылған адал

азық.

Сәһил бин Абдуллаһ Тустери біреуге бір қойын сатып-

ты. Сатып алған кісі біраз уақыттан кейін қойды әкеліп

тұрып, Хазіреті Тустериге: