-218-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Мен пақырмын, пақырға пақырлармен бірге болу жа-
расады», - деді де, сөйтіп, ұлы мәртебелерге жетті».
Аллаһ Тағала былай бұйырады:ُ
��ِ�َ�ْ�
ا
�
�ِ�َ�ْ�
َا
�ُ�ُ �
ِو َا
�
ا
�َ�ِ
َاء ُإ
�َ�ُ�ْ�
ُ ا
�ُ�ْ�َ
سُ ا
� �
��
ا
�َ� �
�َ
ا
�َ�
«Ей, адам баласы, сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар.
Аллаһ беймұқтаж, мақтауға лайық».
(Фатыр, 15)
Сондықтан да, тек дін мен Аллаһ үшін иелігімізде
болған мал-жайлы Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) былай деген:
«Жақсылыққа жұмсалған дүние неткен керемет!»
(Ахмет бин Ханбәл, Мүснәд ІV 197, 202)
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) былай дұға ететін:
«Ей,
Раббым,
дүниенің
артығын
біздің
жақсыларымызға аманат ет. Мүмкін, олар арамыздағы
мұқтаждарға берер».
Ал, харам дүние басқаға тән болғандықтан, оның зе-
кеті де, садақасы да болмайды. Ол екі дүниеде де бетке
түскен қара дақ.
Адал азық болмысымызда даналық, ғылым мен
парасаттылықты жетілдіреді, көңілде Аллаһқа деген
ғашықтық, сүйіспеншілік оятады.
Бидай егілген жерге арпа, арпа егілген жерге жүгері
шықпайтыны секілді, тәнге кірген заттық не рухани
азықтарда да дәл сондай көрініс бар. Тән көңілге Хақты
біліп, тану күшін беретін адал азықпен коректенбесе,
жүректе руханият ғибадаттарда жан бар деп айту мүмкін
емес.
Хадис Құдсиде айтылғандай:
«Харамнан сақтанғандардан есеп алуға ұяламын»
деген сырды түсінуге тырысу керек. Демек, дүние де-
ген өткелде тоқталынған жерлердің бүкіл азық-түлігін
адал болғанынан таңдау қажет. Себебі, құлды тура жол-