Previous Page  219 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 278 Next Page
Page Background

-219-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

дан адастырмайтын, иләһи сезімдер және сырлармен

әшекейлейтін әрі жалған дүние зынданынан шығарып,

Аллаһтың нұрына жеткізетін қуат тек адал азық-

түлікте.

Адал мен харам арасында күмәнді ризықтар да бар.

Олардан да харамнан қашқан сияқты, қашу керек. Себе-

бі, күмәнді нәрселер де Аллаһтың тиым салғандарының

шеңберінде. Кім ол жерге кірсе, құрдымға кетеді.

Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) айтады:

«Сөзсіз адал да, харам да белгілі. Бірақ, екеуінің ара-

сында адамдардың көбі ажырата алмайтын күмәнді

нәрселер де бар. Кімде-кім сол күмәнді нәрселерден

сақтанып жүрсе, өзінің дінін, қадірін құтқарған болып

табылады. Кімде-кім күмәнді нәрселермен шатасып

қалса, онда харамның ішіне түскен болады. Ол кісі мал-

дарын қорықтың айналасына жайып жүрген кісіден ай-

нымайды. Арада көп уақыт өтпей жатып ол кісі малда-

рын сол қорықтың ішіне жайып кетуі мүмкін. Білгеніңіз

жөнболар. Әрбірпатшаныңбірқорығы, яғнитиымсалған

жері бар. Аллаһтың қорығы да – харам еткен нәрселері...»

(Бухари, Иман 39; Муслим, Мүсәқат, 107)

Адамды руханиятқа, нұрға бөлейтін адал азық арқылы

негізгі азықтыңруханиятпеннұразығыболғанынназарға

салған Хазіреті Мәуләнә былай дейді:

«Адамғанұрданартықазықжоқ. Рух одан басқасымен

коректене алмайды».

«Бұл жер жүзінің азық-түлігінен бірте-бірте аулақ

бол! Өйткені, бұлар адамның азығы емес».

«Сен аспан әлемінің азығын алуға күш жина! Нұр

жұтымын алуға дайындал!»

«Құранда айтылған: «Аллаһтың мархаметінен несі-

бе іздеңдер!» деген аятқа құлақ сал».