-214-
"ХИКМЕТ"
баспа үйіُ
�ِ�َ�ْ�َ�َ �ُ �ْ�َ�ْ �ِ�ُ �ْ�ُ
ْز
�َ�َ
و
�ً�َ�ْ�َ�ُ �َ�ْ �َ�ْ�َ�َ �
ِا
� �
�َ�ْ �َ�َ
و
«...Кім Аллаһтан
(шын мәнінде)
қорықса
(тақуа бол-
са)
,
(Аллаһ)
оған шығар жол
(құтылу шарасы)
жаратады
да оған ойламаған жерден ризық береді...»
(Талақ, 2-3)
Хадис шәрифте былай делінген:
«Егер сендер лайықты түрде Аллаһқа тәуекел
еткендеріңде,
(Аллаһ)
құстарды тойғызғандай, сендерді
де ризықтандырар еді. Құстар
(ұяларынан)
таңертең
құрсақтары бос болып шықса да, кешке тойған күйде
қайтады».
(Тирмизи Зүһд, 33; Ибн Мәжә Зүһд, 14)
Жаздан бастап қысқа дайындалып, азық-түлік жинай-
тын құмырсқа сияқты мақұлықтар өте сирек кездеседі.
Басқажануарлар, жәндіктер қысқы азығынжинамаса да,
қыстың қаһарлы суық күндерін артқа тастап, көктемге
аман-есен шығатындарын әркім-ақ біледі. Себебі, Аллаһ
Тағала осындай ұлы салтанатпен құрған иләһи жүйесі
ішіндегі өзінің жаратқандарын қалайша аш қалдырады?
Бірақ, жалқаулық, сараңдық, қызғаншақтық, бала
қаламау сияқты сипаттарға бет бұру мен оларға ұқсас
басқа да жаман мінездер – ризық хақында жаңылысу әрі
теріс көзқарас.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Ислам ешқашан еш-
кімді ұмытпай адамзатқа ризықтың әуел бастан жазы-
лып қойылғандығын, оның көбейіп-азаймайтындығын
уағыздайды.
Бүкіл жаратылысты жаратқан Аллаһ Тағала әрбір
мақұлыққа өмір сүруі үшін, белгілі мерзім берген.
Сол уақыт аралығына жететін ризықта беріп қойған.
Адамның өмірі, алатын демі, азық-түлігі тағдыр кітабы-
на белгіленіп, Адам атаның (аләйһиссәләм) беліне (шәует,
ұрық) шифрланып (құпия жазумен жазылып) қойылған.
Тағдырымызға қарай ризық-несібемізді теріп жеу үшін
себептер заңы бойынша еңбек етуіміз бұйырылған.