Previous Page  213 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 213 / 278 Next Page
Page Background

-213-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

пақырлық секілді. Сый болып көрінетін кейбір оқиғалар

да бар болғаны соншалық нәтижесі күйзелтуші зиян.

Дәл, Аллаһ жолында берілмей тек нәпсі-құмарлыққа са-

рып қылынған байлық секілді.

«Сендерге нәсіп еткен пәк, таза ризықтарымыздан

жеңдер, бірақ шектен шықпаңдар,

(өйтсеңдер)

сендерге

қаһарым түседі. Ал, кімге қаһарым түссе, ол сөзсіз зауал

табады».

(Таһа, 81)

Бүкіл осы ақиқаттың жарығында ризық жағынан

құлдардың жан-тәнімен Аллаһқа тәуекел етуі мен

бой ұсынуы екі дүние бақытына жеткізеді. Себебі,

ризықтардың Аллаһ тарапынан бөлінгендігіне әрі адам-

зат жаратылмастан бұрын жаратылғаны шындығына се-

ніп, Аллаһқа бой ұсына отырып ғұмыр кешуі керек. Сон-

дай-ақ бөлінген ризықтың дәміне әрі тағдырға сенудің

ләззатына жетсін.

Құдси хадисте:

«Аллаһ Тағала адамзаттың ризықтарын жеткізуші

періштелерге былай дейді:

«Қайсыбір құлды барлық уайым–қайғысын және ойын

тек бір нәрсеге, яғни Раббысына шоғырлап отырғанын

көрсеңдер, оған аспан мен жердің ризығына кепілдік

беріңдер. Қайсыбір құлды әділдікпен (тура жолдан тай-

май) ризық іздеп жүргенін көрсеңдер, оған да жақсылық

жасап, жолын жеңілдетіңдер!».

(75 Хадис Құдсидің тәржімәсі

мен түсініктемесі, Әбу Һурайрадан жеткен)

Бұл құдси хадистен байқалатыны, егер құл барлық

мақсат - мұратын тек бір нәрсеге, яғни жалғыз Раббысы-

на шоғырлап, Оның разылығы үшін бұйрықтарын орын-

дап, құлшылық етіп, ықыласты болып, ізгі құлдардан

болса, оған аспан мен жердің ризығы беріледі. Осындай

адамдарға Хақ Тағала ризыққа жеткізетін себеп пен жол-

дарды кеңейтеді. Бұл ақиқат қасиетті аятта баяндалады: