Previous Page  207 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 278 Next Page
Page Background

-207-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Қорқыныш һәм үмітпен Раббыларына жалбары-

нып, дұға қылу үшін олардың жамбастары төсектерінен

ажырайды әрі біз берген несібеден

(жақсылық үшін)

сарып қылып тұрады»

(Сәжде, 16)

деген

аятының сырын

түсіндірген еді.

Бұл сырды анғарған руханият адамдарының білеті-

ні – түндегі рухани нәрден селқостықтары себепті, несі-

бе ала алмағандар таңды шаршап-шалдығып атқызады,

әрі күндіз берекесінен де мақұрым қалады. Түндегі

нығметтерді, сондай-аққадір-қасиетін білмейтіндер үшін

күндіздің жақсылығы тиер деп, ойлау мүмкін емес. Сол

себептен таңның сәлеметін қалаған әрбір адам, иләһи де

рухани көріністер аясына кіру үшін түнін жүйелі түрде

өткізуі қажет.

Осыған орай, ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) былай дейді;

«Парыздардан кейінгі ең абзал намаз – түнде тұрып

оқыған намаз».

(Мүслим, Сиям, 202-3; Тирмизи, Мәуәқит, 207)

«Үмметіме ауыр келмегенде екі рәкәт түнгі намазды

парыз етер едім».

(Фәзаили амал, 257)

«Түннің сондай бір сәті бар, дәл сол сәтте Аллаһтан

жақсы нәрсе сұраған мұсылманға Аллаһ қалаған нәрсесін

береді».

(Мүкашәфәтул-Қулуб, 489)

«Кімде-кім түнде оянып, әйелін де оятып екеуі бірге

екі рәкәт намаз оқыса, Аллаһ екеуін де, Аллаһты көп зі-

кір етушілердің қатарына жазады».

(Әбу Дәуд, 1309, 1451;

Ибн Мәжә, 1335)

«Түнде намаз оқуда әсте селқостық танытпаңдар!

Өйткені, ол сендерден бұрынғы ізгі құлдардың әдеті.

Түнде құлшылық ету – Аллаһқа жақындатады,

күнәлардың өшуіне себепші, тәнді аурулардан сақтайды

әрі күнәларға бөгет».

(Тирмизи, 3549)