Previous Page  202 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 202 / 278 Next Page
Page Background

-202-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Әбубәкір (радиаллаһу анһу) үгіт-насихат ету

барысында Хазіреті Омарға (радиаллаһу анһу):

«Ей, Омар! Аллаһтың сенде түнде орындауың керек

болған хақы бар. Оны күндіз қабыл алмайды. Күндіз де

хақы бар, оны да түнде қабылдамайды».

(Ихь-я Улумид-дин,

4-851)

, - дей отырып, бұл ақиқатқа яғни, ертелі-кеш Оны

зікір етіп, түнгі намаз оқуға жан тәнімен көңіл аудару

қажет екендігін білдірген.

Егер мүмин түнді бекер өткізбей, жүйелі түрде пай-

даланып, зікірдің руханиятынан сыбағысын ала алса,

оның түні күндізінен де жарық болады. Бірақ, ешқандай

мақсатсыз, жүйесіз ұйқыға батып, өткізген түні тау-

тасқа, теңіз бен шөл далаға жауған жаңбыр сияқты,

өнімсіз, нәтижесіз болады. Түннен сыбаға алу, «истиғфар

айтумен» басталады. Адам нәпсіге бой алдыру себебі-

нен жаратылысындағы қараңғылық, шәһуәт, ашкөздік,

қызғаныш, тәкәппарлық, мақтаншақтық, сараңдық,

кек және өкпелеу сияқты жаман қасиеттерге бет бұрып,

Аллаһ берген нығметтерге шүкірлік етудің орнына,

опасыздық көрсетеді де, Оған қарсы келіп, күнәһар бо-

лады. Мұсылман қараңғылық пердесін аша алса істе-

ген күнәларының ауырлығын да, ар-ожданын да сезе-

ді. Сөйтіп, өкінішке толы көз жасын моншақтап төгіп,

истиғфар етеді.

Хадис шәрифте:

«Мен араларынан айырылғанымда, оларға қияметке

дейін қорғаушы ретінде истиғфарды қалдырамын»

де-

лінген. (Тирмизи)

Ешқандай күнәміз болмаса да, бізге берілген иләһи

нығметтерге лайықты түрде шүкір айтуымыз, шама-

шарқымыздан тыс. Сондықтан әлсіздігімізді біле оты-

рып, истиғфар айту – құлдық міндеттерімізден.

Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күнә