-197-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүниеге келуі Рабиул әууәл айының он екінші түнінің
таң сәрісінде болды. Бүкіл әлемнің жаратылу себебі
болған Аллаһтың сүйікті пайғамбары иләһи құзырға
қабылданып, ежелгі әрі мәнгілік Аллаһқа қауышудың
ақиқатына жеткен миғраж оқиғасындағы «исра» - бір
түнгі сапар. Көкке көтерілу Режеп айының жиырма же-
тінші түнінде болған. Құран Кәрімнің дүние аспанына
бүтіндей түсуі «Бәрәәт түнінде», ал бөлек бөлек болып
түсуі «Қадір түнінде» болған.
Рухани кәмелетке толған мұсылмандар үшін түн
қойнауында жатқан тыныштық пен рухани нәр жағынан
ерекше бір ғанибет. Бұл ғанибеттің қадір-қасиетін
лайықты түрде түсінетіндер, әсіресе түн ауғаннан кейін
барлық мақұлықаттардың дем алуға кіріскен, жер бетін
терең тыныштық жайлаған кезінде дұға, құлшылық,
сондай-ақ, лаулап тұрған көңіл күйлерімен Хаққа
сиынуларының қабыл болуы үшін, Раббыларына бет
бұрудың нәрлі де нұрлы сәтін табады. Түн әрі сәресі
уақытында ояу болу тақырыбында Аллаһ Тағала тақуа
болғандары үшін иләһи сыйға қол жеткізіп, жәннатта
бұлақ бастарында дем алатындарын баяндап, мақтаған
бахтияр құлдарын былай танытады: َ
ُون
�ِ�ْ�َ�ْ�َ�ْ �ُ�ِ
ر
�َ�ْ�َ�ْ�ِ�َ
ن َو
�ُ�َ�ْ�َ� �َ�ِ �ْ��
��
َا
�ِ�ً ��ِ�َ�
ا
�ُ��َ�
«Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Әрі таң сәріде
Аллаһтан кешірім тілеуші еді».
(Зарият, 17-18)
Түн мезгілі тәтті ұйқы мен жұмсақ төсекті тек Аллаһ
Тағаланың ризалығы үшін тастап, иләһи құзырда
жалғыз-ақ, махаббат пен ғашықтық себебінен сәждеге
бас ұру уақыты. Түнде, әйтеуір парыз амалы болмаса да,
ұйқысынан тұрып оқылған намаз бен айтылған зікірдің
Аллаһқажақындатужағынанмаңызыөтезор.Сондықтан,
жан-дүниедегі ғашықтық пен иләһи махаббаттың күні