-192-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ақылды болсаң, кебініңді басыңда тасы;
Бала шағадан қашармыз бір күні...
Көлігің табыт, ұмытудан сақтан,
Есігіңе келуі жақын,
Ризасы болмаса Хақтың
Әлемде үрей шашармыз бір күні...
Адам қара топырақтың гауһары
Ізгі амал, қабірдегі жарамды капитал
Барғанда құзырына пәрменшінің
Жақсы мен жаманды өлшерміз бір күні...
Ей, Ашқи, өлімге әзір бол әрдайым,
Көсемің Хақ болсын, дәстүрің Құран;
Қалайда келер кезегің,
Ақылыңнан шығарма, шарасыз қалармыз бір күні...
Ешкүмәнжоқ, бұлжалғандағытілектер, пәни үміт пен
жұбаныштар, жапырақтардың күздегі төгіліп, түсуінен
де қатты түрде қабір топырағына төгіліп, түсіп жатқан
жапырақтар ғана.
Әрбір көктас өлім тілі мен тыныштығы арқылы
сөйлейтін оттай бір насихатшы. Қабірістандардың қала
ішінде, жол шеттері мен мешіт аулаларында орын алуы,
өлімді еске салып тұру мен өлімді ойлау үшін. Өлімді
нақты түрде ойлау, өлгендердің күлгін түсті еріндерінде
байланып шешілмейтін үнсіздік сырына жасырылған.
Өлімнің үркітуші ауыртпалығын сөздердің әлсіз кеуде-
лері көтере алмайды! Өлім алдында барлық салтанат бі-
теді. Өлімнің үгіт берудегі күштілігі, шешендігі алдын-
да, дүниеден келетін жауаптар тек көз жастары мен бос
айқайлар. Құл нәпсі сипаттардан өз еркімен бас тартса,
күмән жоқ, жаратушысы оған ілтипаты әрі ғинаятымен
жаңа өмір береді. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деген: