Previous Page  191 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 278 Next Page
Page Background

-191-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Өлімді ойлау (Тәфәккүр мәут)

Дүние – иләһи бір иман дәрісханасы. Өлім болса,

мәжбүрлік орын ауыстыру заңы. Хазіреті Мәуләнә:

«Тірілу үшін өліңіз!»

дейді.

Жан – дүниенің тірілуі тек нәпсі қалауынан бас тарту-

ымен ғана болады.

Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм):

«Барлық ләззәттарды тамырымен қопарып тастай-

тын өлімді көбірек еске алыңдар!»

-

(Тирмизи, Зуһд, 4; Нәса-и,

Жәнәиз, 3)

деп бұйырған.

Өлімді ойлау – еріксіз түрде өлместен бұрын өлімді

еске түсіру. Осылайша нәпсі қалауынан ұзақтап, ерікті

түрде жаратушының құзырына дайындалу. Бұл – иманға

барып тірелетін ойлау мен сезімталдық.

Ақын Ашқи осы ойлау мен сезімталдық әлемінен

көңілдерге былайша үндейді:

Естідің бе ажалға шара тапқанды,

Бұл дүние үстінде мәңгі қалғанды,

Әзірле өзіңе ләзім болғанды,

Қош жалауын ашармыз бір күні.

Әзірәйл, уағдасы біткенді білер,

Ол-шақырушыз қонақ, әр үйге келер,

Достарың жылар, дұшпаның қуанар,

Жақсымен жаманды білерміз бір күні...

Мәйітханадағы қазан мен төсек хабаршы болар,

Өлгенің маңайға тезірек естілер,

Жібектер мен сырмалар түгел шешілер,

Бес аршын кебінді пішерміз бір күні...

Мұсаллә! дегенің өлшеу тасы (пробный камень)

Куәдүр інсанға жары мен жолдасы;