-190-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мәңгілік әр сәтте кездесу халінде Әр бір сәтте денедегі
мыңдаған клеткалар өліп жатса, енді мыңдаған клетка-
лар жаңадан жаратылып жатады. Әр бір сәтте мыңдаған
адам дүниеге келіп жатса, енді мыңдаған адам дүниемен
қош айтысып жатады. Әр қашан көптеген ғапыл адамдар
дүние ләззәтына алданып, есінен танып, мас болып жат-
са, ал, көптеген салих адамдар ғапылдығы үшін өкініп,
көз жастарын төге отырып Аллаһ Тағалаға жалбарына
дұға етіп жатады. Қабір, яғни бұл жалғанның соңғы аял-
дамасы ретінде әрбір тірі жанды күтуде. Бүкіл әлемде тек
Аллаһтың үстемдігі, билігі мен иләһи жүйесі ғана бар.
Құлдың өлместен бұрын осы иләһи бақылау шеңберінде
болуы, құлшылық міндетінің өз денгейін табуы үшін
маңызды. Құл бұл сезіммен жүрсе:ُ
� �
�َ
َف َر
�َ�ْ �َ�َ� ُ�َ�ْ�َ�َ
َف
�َ�ْ �َ�
«Кімде-кім нәпсісін танып, білсе, ол Раббысын біліп,
таниды»
деген хадистің сырына жетіп, «Уасыл-ы ила
Аллаһ» яғни аллаһқа қауышу бағытына түседі.
Ризалық
Құлдың нәпсі ризалығынан бөлініп Мәуләнің
(Аллаһтың) ризалығы үшін өмір сүруі, сондай-ақ, бәрібір
өлім сол жағдайға апарады.
Ризалық – сана-сезімніңжүректің тазаланып, нәпсінің
тәрбиеленуі нәтижесімен өз деңгейін табуы. Осылай-
ша құл алдамшы әрі пәни дүниенің тұтқыны болудан
құтылып, тек Аллаһқа ғана бой ұсынады. Бір күшті руха-
ни шаттығу ішінде:
«Хош, маған сенен келген,
Гүл жоғары не тікен!
Шапан не кебін!
Ілтипатың да, хош, қаһарын да хош!