Previous Page  196 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 278 Next Page
Page Background

-196-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

нәпсісінен жеңіліп, оның айтқандарын бұлжытпай істеу-

шілерге де үлкен бір алданыш.

Күнтүнніңбергентынығуынбереалмайды.Сондықтан,

адам күндізгі шаршағандығының заттық және рухани

ауыртпалығынан, түннің тым-тырысжамылғысына оран-

байынша құтыла алмайды. Әйтпесе, қаншама әуесқой

адамдар ұйқыны кейінге қалдырып, шабандоздардың

астында шаршаған аттар секілді нәпсілерін құрдымға

жетелер еді. Міне, бұл иләһи тағдырдың нәтижесінде

күндер, күндіз-түн болып екіге бөлінген.

Болымдынемесе болымсызмаңыздыоқиғаларкүндізге

қарағанда түнде басым келеді. Сондай-ақ Аллаһ (жәллә

жәләлуһу) күндіз нақты сенбеуімізді шарт қоса оты-

рып, иләһи азаптың көбінесе түнде болатындығы жай-

лы көптеген аятта баяндайды. Солардың бірінде Аллаһ

Тағала былай дейді:

«

(Пайғамбарды мойындамаған)

қалалардың халқы,

азабымыздың түнгі ұйқыдағы кездерінде келуінен

қауіптенбей ме?»

(Ағраф, 97)

Осыған қарағанда, түнгі уақыт иләһи азаптардан құтылуға

дәнекер болатын ең маңызды жалбарыну уақыты. Хазіреті

Нахшәби айтады:

«Таң атқанша көк жүзінен дұға етуші жоқ па екен?

Дұғасы қабыл болсын! Тәубе етуші жоқ па екен? Тәубесі

қабыл болсын! Тілеуші жоқ па екен? Оның тілегі қабыл

болсын! - деген ғайыптан дауыс келмей қалатын ешбір

түн жоқ».

Басқа жағынан қарағанда уахилер көбінесе түнде

келген. Пайғамбарлықтың алғашқы хабаршысы болып

табылатын шынайы түстер шабыт беретін түндердің

қойнауында болған. Біздерге сыйлықретінде көрсетілетін

«Рахмани түс»Ләухи махфуздан болашаққашағылысқан

сәулелер болып, нұрлы түндердің аясында көрініс

тапқан.