-201-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ақыл және ой-өріс жұмыстары тоқтап тұрады. Ойлау,
сезімталдық қасиеттері жоқ болады. Ұйқының өлімнен
айырмашылығы – хайуани рухтың* тәнде қалуында.
Бірақ, сұлтанирух**тәнді тастапшығыпкетеді. Оянғанда
ұйықтаған кездегі уақытты білместен барлық өмір сүру
әрекеттері, сана-сезімдік болғандар да тоқтаған жерінен
жалғасын таба береді.
Сондықтан да Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Ұйқы өлімнің – бауыры...»
(Ахмет бин Ханбәл, Китабуз-Зуһд,
43)
деген.Бұныңмағынасыөлімдітүсінуүшінбасқалардың
жаназасына қатысудан да артық адам өз ұйқысынан
өлімнің ақиқатына көз жеткізу керек. Төмендегі аят
кәримада былай деген.
«
(Адам)
өлер кезде Аллаһ алады. Өлмегендердің
жанын ұйықтаған кезде алады. Одан соң өлімге үкім
етілгендердің жанын ұстап қалып, қалғандарын белгі-
ленген уақытқа
(ажалыжеткенге)
дейін қоя тұрады. Міне
осының өзінде ой жүгірте білетін қауым үшін ғибраттар
бар».
(Зумәр, 42)
Осы аят ұйқының өлім сипатында екендігін білдіре-
ді. Әрбір өлген әрбір адамның кебінге оралғаны секілді,
түн де адамдарды өзінің қара жамылғысымен орап ала-
ды. Маңыздысы сол жамылғы ішінде жаратушы иесімен
болу.
Аллаһ Тағала былай бұйырады:
«Раббыңның есімін ертелі-кеш зікір ет. Түннің біраз
бөлігінде де, тәсбих айт».
(Инсан, 25-26)
* Хайуани рух
: Хайуани рух, оның өзегі ми бола отырып, тәннің бүкіл
ағзаларына жайылған негізгі күші қанда және халқ (мақұлық) әлеміне
жатады. Іс-әрекеттердің бастамасы болып табылады.
** Сұлтани рух
: Сұлтани рух әмір әлемінен (жоғары әлемнен) келген,
тәннен бөлек болған рух. Тәнмен бірге болуы тек оған жақсы не жаман
бағытта билік жүргізу үшін ғана. Тәннің өлуі, шіріп жоқ болып кетуі оған
зиянын тигізбейді. Тек тән өлгенде соның қажеттіліктері жайындағы
билігі аяқталады.