Previous Page  199 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 278 Next Page
Page Background

-199-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Түннің келуімен, күннің түр-сипаты өзгереді. Күндіз

күн-көріс машақатымен шаршаған жүйкелеріміз бен

кеуделерімізге салқын қараңғылығымен айналаға

тыныштық әкелген түн көңілімізді көтергісі келіп,

жымыңдап тұрған жұлдыздар көңілімізге шаттық сый-

лап тұрады. Орасан зор түн сарайының тірі шам шырағы

күлімсіреп тұрса да, көрінбей келген ұйқы жұқпалы ауру

сияқты бәрімізді басады. Амалсыз, ұйыған халде сызыла

бастаймыз да, ақыры барлық ісімізге мәжбүр түрде дема-

лыс беріп, өліктер секілді рахат төсегімізге жата кетеміз.

Ғалам әрі оның ішіндегі барлық нәрсе қап-қара түннің

тыныштығына бой алдырып, жоқ болу көрінісін алады.

Ғалам бейне бір мазарат, ал адамдар – бейне өлілер...

Енді абақтыдағылар мен ауруханалардағылардың азап

көрінісінің ізі жоқ. Сарайдағылар болса, дәулет пен сал-

танат ләззәтінан мақұрым халде...

Әркім түннің жалпылама заңына тұтқындалып

қалған.Тіпті арқасы жерге тиіп көрмеген залым, мейі-

рімсіз патшалардың өздері бейшаралар секілді, жерге со-

зылып жатқанда, шынайы құлдар мен тақуалар демдерін

өмір тәспісіне айналдырып, Аллаһқа жақындау үстінде.

Тәндер ортақ өлім жаттығуы ішінде пәниліктен

бөлініп өлілер сияқты, Хақтың билігіне нақты түрде бой

ұсынған. Бәрі де жерде, барлық нәрсе ұйқыда... Бірақ,

көріністер әр түрлі. Енді материалист пікірлер, шар-

шататын бақылаулар тоқтаған. Сонымен қатар ұйқыда

тамаша түстер, самал желдер, Барзах (әруақ) әлемінен

көріністер, рахат сезімдер, шаттық пен қуаныштар, азап-

тар, қайғы қасіреттер мен қорқыныш сезімдерінің дәуірі

басталады. Күндізгі әлемнен түнгі әлемге өту сырына аят

кәримада төмендегідей нұсқау жасайды.

«Күн мен түннің ауысуы Оның меңгеруінде.

(Осыны

әлі)

түсінбейсіңдер ме?»

(Мүминун, 80)