-194-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
яғни, нәпсісінен асып, жан дүниесінде сақталған періш-
телік сипатының бағытында дәрежелерге көтерілсе, өлім
оған қиялдар жете алмас дәрежедегі биік, ұлы Раббыға
қауышудың мәжбүрлік шарты ретінде көрінеді. Сөйтіп,
көп адамдарға суық әрі қорқынышты болып көрінген
өлім, көңілдерде «рәфиқул ала», яғни ең ұлы досқа
қауышу толқуына айналады.
Мәлик бин Динар бір күні түсінде Рафиді жалаңбас,
жалаңаяқ жүгіріп бара жатқанын көрді. Одан:
«Кайда барасың ?»-деп сұрады.
Рафи:
«Аллаһқа шүкір! Зынданнан құтылдым» - деді.
Хазіреті Мәлик таңертең дереу Рафидің үйіне барып
қараса Рафи қайтыс болып, кетіпті.
Сопылық жолдың кемеңгері Мәуләнә Жәләләддин
Румидің айтуынша! Осындай өлім «шәб-иАрус», яғни той
кеші.«Өлімдікөркемдеу»үшін,жалғызшаражоғарыдағы
негіздерді сіңіре отырып рухани дәрежелерге көтерілу
қысқаша, төмендегі аятта айтылғандай:
«Өзіңе ажалың келгенге дейін Раббыңа құлшылық ете
бер!»
, -
(Хижр, 99)
яғни, лайықты түрде құл болу.
Уа,Раббымыз!Ғаламдыиләһимахаббаткөзілдірігімен
зерттеуді, оныруханисана-сезім, ар-ұждандағытолқулар
әрі имани шаттығулар бұрышынан тамашалауды, сон-
дай-ақ, көзден ағатын өкініш шықтарымен ғапу аясына
жетуді, сөйтіп, «өлместен бұрын өліңдер» сырына жетіп,
ақиқат әлемінде оянуды нәсіп еткейсің!
Әмин!..
Өлім келмей тұрып, Раббысына бұрылып қайтқандар
нендей бақытты!