-185-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қанағат
Өз қажеттілігінен артығына мұқтаждық сезімінде бол-
мау. Бәрі бір өлім арқылы қанағат әлеміне кіріледі. Жа-
ман мінез-құлықтардың ең қауіптісі болған ашкөздік пен
қызғаншақтықтың емі – текқанағатшылықтыңрахаттық
беретін руханиятыменжамылу. Өйткені, қанағаттыңжан
әлемге беретін иләһи қазыналары бітпейді де, таусылмай-
ды да. Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
�َ�ْ�َ�َ �ٌ �ْ�َ�ُ �َ��َ�َ�ْ�َ
ا
«Қанағат – бітіп, таусылмайтын қазына!»
(Дәйләми,
Мүснәд, 4699)
деген.
Сондықтан, байлықтың шын мәніндегі өлшемі
– қанағат, иләһи сыбағаға разылық көрсету. Сон-
дай-ақ, дүние-мүлік жағынан өзінен бай болғандарды
қызғанбау. Сөйтіп, көңіл байлығының ләззәтінің дәмін
тек қанағатпен ғана татуға болады.
Рызықтың ежелден бөлінгендігі имани бір шындық.
Бұның көбейіп, не азаймайтындығы назарға алынған кез-
де, ашкөздік пен әуесқойлықтың жиіркеніштігімен бірге
қисынсыздығы да білініп қалады.
Сонымен қатар, кейбір адамдар өндіріп, тапқандар
мен жұмсап тауысатындардың бір-бірінен бөлек,
өзге адамдар екенін көріп, біліп отырса да, дүние-
мүлікке деген құмарлығынан оңайлықпен құтыла ал-
майды. Осындайлардың ой-саналарының түкпірінде
жоқ етіп жіберуі қиын болған «менмендіктер» бар.
Олардың көзқарасы бойынша дүние-мүлік – өздеріне
әрі айналасындағыларға күш-қуат бұлағы. Көбінесе
қызғаныш ақ көңілдер көрсететін сый, құрмет, абырой
өздеріне қатты ләззәт береді.
Міне, осы қанағат бұл ауруларды емдейтін иләһи дәрі.
Дүние-мүліктен бір пәлекетке айналып, көңілді жығатын