-184-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бептерге жабысудан, жара қолданудан бас тарту де-
ген мағына шықпайды. Бірақ тәуекелдің арқасында
қолданылған шара тағдырға сәйкес келмейінше бір пай-
дасы болмайтындығы сеніміне жетіледі. Сондай-ақ,
алдымыздағы өлім – осы халге қауышу. Аллаһ Тағала
былай бұйырады: ُ
�ُ�ْ�َ�َ �ُ�َ�ِ �
ا
�َ�َ� ْ� �
�َ�َ�َ�ْ �َ�َ
و
«Кім Аллаһқа сүйенсе, Аллаһ оған жеткілікті».
(Талақ, 3)
Тәуекелдің басқа бір мағынасы – көңілі Аллаһ ма-
хаббатына толы құлдың тек Оған сенім артуы, әрі тек
Оны паналауы. Аллаһ Тағала Мұсадан (аләйһиссәләм)
қолындағы асатаяғын сұраған. Кейін «оны таста» деген.
Себебі, асатаяқ оған бір сенім сезімін арттырып, оның
Аллаһқа деген кәміл дәрежедегі тәуекелін көлеңкелеп
тұрған болатын. Сондай-ақ Аллаһ Тағала тағы былай
бұйырады:
«Егер, мүмин болсаңдар, Аллаһқа сүйеніңдер!»
Тәуекел іс-шара мен әрекеттерді бір шетке жинап қою
емес, керісінше оларға арқа сүйегеннен кейін Аллаһтың
құдіретіне сыйыну.
От Хазіреті Ибраһимді, тәуекелі мен бойұсынуының
арқасында жақпады. Себебі, тәуекел толығымен болғанда
Хақ Тағала отқа:
«Ей, от! Ибарһимге салқын, қатерсіз
бол!»
- деп бұйрық берді. Қорыта айта келсек, тәуекел
– еркімізден тыс іске асатын өлім келмей тұрып, өз еркі-
мізбен, тірі кезімізде Раббымызға бойұсынуымыз.
Хазіреті Мәуләнә біздің тәуекел мен бойұсынуымызды
таразылау, әрі есепке тарту мақсатында:
«Өзіңнен Ибраһимділік бар-жоқтығын ізде! Себе-
бі, от тек Ибраһим сияқты Аллаһқа лайықты түрде
бойұсынғандарды ғана танып, оларды жақпайды»
- де-
ген.