-187-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Тағаламен бірге болу. Ал, өлім болса, еріксіз түрде оңаша
қалу.
Зікір
Рухани нәр махаббатпен жалғасады. Махаббат болса,
зікірдіңжүрекпенсана-сезімдеалғанорынымөлшерінше,
шындыққа айналады. Сүйіктінің жүрек пен сана-сезімде
орын алуы болса, оны еске алумен пайда болады. Демек,
неғүрлым еске алынса, сол ғүрлым махаббат күшті бола-
ды.
Аллаһ Тағаланың өзіне ғана тән есімі болған Лафза-
и Жалал яғни, «Аллаһ» деген есімі, рухани нәр бұлағы
болу жағынан басқа иләһи есім – сипаттарынан гөрі
әсерлісі. «Аллаһ» есімінің зікірдегі көрінісі салмақты,
тым әсерлендіргіш болғандықтан, дәруішке истиғфар
мен басталынған бір дайындық сатысынан кейін-ақ Лаф-
за-и Жамал зікірі тапсырылады.
Хақ Тағаланы зікірмен еске алу, бұл зікірдің сапасы
мен саны бойынша Аллаһқа деген махаббат бағытында
жоғарылап, деңгейін табуға дәнекер болады. Яғни, зікір
қаншалықты көп айтылса, сондай-ақ сипаты жағынан
да қаншалықты сапалы әрі тереңінен сезіліп, айтылса,
соншалықты рухани нәр мен нәтижеге жетеді.
Зікіруллаһтың, яғни Аллаһты зікір етудің жан әлемде
орын табуымен, мұсылманда көрініс таба бастайтын
құлдық кемелденуге қарай бағытталады. Аллаһ Тағала
былай бұйырады:ُ
ب
�ُ�ُ�ْ�
ا
�
�ِ�َ�ْ�َ�ِ �
ِا
�ْ�ِ�ِ�َ �َ
ا
«Назар аударыңдар! Көңіл тек Аллаһты зікір етумен
ғана жай табады».
(Рағыд, 28)
Егер Аллаһ сөзі, яғни Лафза-и жалал жүрек деген
гауһарда орын таппаса, дүние-мүлікке, заттарға, тағы да