-186-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
байланыстардан алыс болу тек қанағаттың рухани нәрі
арқылы ғана мүмкін болады. Сондай-ақ, қанағаттағы бұл
мұқтажсыздық тек халі дүние-мүлікке қарсы емес, сол
дүние мүліктен туған құдіретке өзгелер көрсеткен сый -
құрмет пен қошаметтерді де қамтуы керек.
Қорыта айтқанда, дүние мүліктің Аллаһтыкі екенді-
гін, адамның жай ғана есепші болғандығын түсініп, се-
зіну қажет. Өлім жайлы ойланбайтын ғапыл адамдарға
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай деген:
«Талай адамдар, мұрагерлері даулассын деп дүние-
мүлік жинайды!..»
Елден алыс оңаша қалу
Елден алыс оңаша қалу, сәйр-и сүлук (деруіштің
пірінің қол астындағы тәрбие барысы) ережесі бойынша
жоғары дәрежелерге, шыңға жету үшін шарт. Сондай-
ақ қоғамдағы тіршіліктің тоқтап, қалмауы үшін мұның
әркімге тән болған түрі іс жүзінде жалғыз қалуы емес.
Бәлкім, көпшілікпен араласа отырып, қоғам ішінде іш-
тей, көңіл әлемінде оңаша қалуды іске асыру. Мұның
мағынасы,
жан-дүниені
дүниәуи
байланыстардан
мүмкіндігінше, оңаша ұстап, Аллаһқа қарай жөнелту.
Сонымен қатар, кейбір әулиелердің іс жүзінде елден
ұзақ оңаша қалулары, осындай кісілердің аз болуы себеп-
ті қоғам өмірінің бұзылуына жол ашпайды. Әрине, бұл
ерекше жағдай. Сондай-ақ, жалпылай қарағанда сәйр-
и сүлук жолында оңаша қалу – бір бұрышқа тығылып,
барлық нәрселерден әрі әркімнен ұзақ қалу емес, керісін-
ше, көпшілік арасында Раббысымен бірге болу халімен
өмір сүру. Бұл өмірге рухани түрде қол бұлғап, қош айт-
са, бұл жалғандағы барлық байланыстардан іс жүзінде
бөлініп қабір әлемінде болымды, яки болымсыз оңаша
қалудан бұрын тәңірлік көріністер ішінде Жаратушы-
мен бірге болу. Яғни, өлместен бұрын өз еркімен Хақ