-169-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Басқа бір аятта Хақ Тағала өзіне шынайы құл
болғандардың сипаттарын төмендегідей баяндайды:
«Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейіл, сы-
пайы жүреді, надандар оларға тік сөйлесе де, олар «есен
болыңдар!» деп, сәлемдесіп ғана қояды
(надандармен сөз
таластырып әуре болмайды)
».
(Фурқан, 63)
Табиғунның* ұлыларынан Имам Шаби өзіне тіл тигі-
зіп, қорлаған бір пасық кісіге:
«Айтқандарың рас болса, Аллаһ мені кешірсін! Егер
айтқандарың өтірік болса, Аллаһ сені кешірсін!» деп,
айтқаны үлгі аларлық көркем мысал.
Хазіреті Зүннун Мысри былай деген:
«Аллаһтың досы болып, нәпсінің жауы болу керек,
нәпсінің досы болып, Аллаһтың жауы болмау керек!».
«Уа, Раббым! Біздерді нәпсіміздің тұтқыны болудан
сақта! Сенің риза да, хошкөретін көркеммінез-құлықпен
көңілдерімізді безендір!»
Әмин!
* Табиғун:
Пайғамбарымызды көрмеген, Оның сахабаларына жетіп
тәлім тәрбие алған мұсылмандар.