-170-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ӨМІР МЕН ӨЛІМ
Дүкені қаланың шыға беріс есігінде тұрған бір
бақалшы бар еді.Сол есіктен қай уақыт біржаназашықса,
қасындағы торсыққа бір мәуе тәшегін тастап, айдың
соңында оларды санайтын да:
«Бұл айда осынша адам торсыққа түсті!» дейтін.
Бір күні ажал жетіп, ол да өледі. Арадан біраз
уақыт өткен болатын. Өлгенінен хабарсыз бір досы
көңілін сұрауға бақалшыға келді. Көрінбегеннен кейін
көршілерінен сұрайды.
–Мына жердегі бақалшы қайда, не болды өзіне?
Олар:
–Ол да торсыққа түсті - деді.
Міне, жалған дүние жолаушыларының әңгімесі…
Әркім мен әрнәрсенің артынан айтылған әңгіме, бірде
бар, бірде жоқ…
Юнус нендей көркем өлеңдеп айтқан:
Ана құрсағынан келдік базарға;
Бір кебін алып қайттық мазарға!
Шынында да, бұл дүние саудасынан қаласаң бай,
қаласаң пақыр болайық, бізге қалатыны бір кебін…
Сондықтан, маңыздысы – ақырет саудамыздың қандай
жағдайда екені.