-166-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Ей, кәміл парасаттылық, көрегенділік пен қалби-
сәлим (шынайы жүрек) иесі болған Хақ досы! Ей,
біздің көре алмаған нәрселерімізді күн сияқты көруші!
Көңіліңдегі сырдан аз да болса маған да бағышта!»
«Қолыңдағы зұлпықар басымды шаппады, бірақ
көңіл зұлпықарың көңілімді паршалап тастады.
Тән қапасымның есіктері ашылды да, мен де нәпсіге
тұтқындықтан құтылдым. Маған бұл сырды түсіндір!
Рухым ана құрсағындағы балаға жан берілгендегідей жан
тапсын!»
«Ей, Әли! Ыза үстінде қылышына ие болып, ашудан
мейірімділікке өте алғанкөрілмегенеріксің!Болмысыңда
жүз мыңдаған иләһи сипат қалайша жиналды
?
Ей,
жарқыраған айна! Қол жеткізген иләһи даналықты
көңіліме шағыстырсаң қайтеді!»
«Қарсыластың бұл сөзіне Хазіреті Әли былай деді:
«Ей, кісі! Біліп ал! Қылышымды тек қана Хақтың
ризалығы үшін ғана қолданамын! Себебі, мен нәпсімнің
емесХақтыңқұлымын…Әуесқойлығымменарманымның
емес, Аллаһтың арыстанымын».
«Қылышымның жеңілместігі мен жеңімпаздығы
маған емес, Аллаһқа тән. Мен Хақ жолында өзімді пәни
етіп, Онымен бар болғаным үшін Раббымның ризасын
іздеймін. Міне, ашу-ызадан мейірбандыққа, одан ашу
ызаға өтудің іргетасында осы ақиқат бар. Орайы кел-
генде ашу-ызаны мүләйімдік қылышымен тоқтатамын,
не мүләйімдігімді ашу-ыза қылышымен кесіп түсіремін.
Бұлардың бәрі Аллаһ ризалығы үшін».
«Мен:
«… Атқан кезде сен атпадың, Аллаһ атты!..»
(Әл-
Әнфәл-17)
сырын жақсы білемін». Жүрегіңнің отын алған
зұлпықардың нақ өзімін, тек оны шабатын иләһи сыр».
«Меннәпсімдітаныдым. Оныңкесіріненсақтанамын.
Ол үшін Аллаһтың ризалығынан басқа барлық нәрседен
бет бұрамын».