-167-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Хақ жолында істеген ісімнің бәрі еліктеуден, қиял
мен күмәннан аулақ. Мен Аллаһ жолында бір тамшы
емес, үнемі тасып аққан су болуды қалаймын. Себебі,
қауышу дариясына жету
–
тек осылайша ғана мүмкін».
Мен безендірілген қылыш сияқты таухид інжу-мар-
жандарымен толғанмын. Сол себептен соғыста адам-
дарды өлтіруден гөрі олардың тірілулері үшін күш
жұмсаймын».
«Сондықтан
бұл
соғыста
сенімен
күресіп
жатқанымда, түкіргеніңнен кейін, мен де нәпсіге тән
сезім көрінгендіктен, қылышты қынына қоюды жөн
көрдім. Аллаһ үшін сүйетін, Аллаһ үшін жек көретін
бақтиярлардан болу үшін».
«Аллаһ жолында еркін адамның шәһәдәтін (куәлігін)
тыңда! Себебі нәпсісіне құл болғанның шәһәдәтінің екі
түйір арпадай құны жоқ. Еркіндік болса, нәпсіге тән
мақсаттардан құтылу арқылы ғана болады».
«Нәпсі мен шәһуәтінің құлы болғанға келсек, ол құл
мен тұтқынның жағдайынан да бетер жаман халде.
Себебі, құл қожайынының бір сөзімен ғана азаттығын
алады, бірақ нәпсі шәһуәтінің құлы болған дәмін алып
жатқан өткінші ләззаттармен мас болып, ащы бір
пәлекеттің мәңгі қиыншылығында оянады».
«Нәпсі шәһуәтіне батқандар өздерін сондай бір терең
құдыққа тастайды, оларды құтқару үшін құдықтың
түбіне дейін жететін жіп бейне жоқ секілді».
«Ей, адам! Менде Хақтың сипаттарынан өзге сипат
жоқ. Егер бұл дәулетке жеткің келсе, бері кел! Жақында
маған!»
«Бері кел! Аллаһ мейірім - шапағатымен сені де азат
етсін! Себебі, оның мейірімі, ашу-ызасынан артық,
кең…»