-160-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Сендерге бүгін сөгіс жоқ, Аллаһ асқан мейірімді» -
(Юсуф, 92)
деді.
Мейірімділік пен кешірімділіктің ең көркем үлгілері
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өмірінде.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) не-
мере ағасы Хазіреті Хамзаның бауырын кегінен себеп,
аяусыздықпен шайнап тастаған Хиндті, Меккені жеңіп
алған күні кешірді. Қызы Зейнептің (радиаллаһу анһә)
жүкті екендігіне қарамастан, түйенің үстінен жерге
құлатып, ауыр жаралаған Хабир бин Әсәдті иманға тілін
келтіргендіктен кешірді. Осындай, осыған ұқсас үлгілер
Хазіреті Пайғамбардың өмірінде санап бітіре алмайтын-
дай көп: Ашуланған кездерінде орнынан тұрмайтын. Хақ
пен ақиқатқа қарсы шығып, хақтың аяқ-асты етілуінен
басқа нәрселерге ашуланбайтын. Ешкімнің де сезбейтін
не байқамайтын бір шындық, аяқ-асты етілгенде де, сол
ақиқат ақталып шыққанша ашу-ызасы басылмайтын.
Ақиқат ақталғанда ғана тынышталатын. Өзі жаны үшін
әсте ашуланбайтын. Ешкіммен өзін ақтап, сөз таластыр-
майтын.
Оның бұл мінезі Аллаһ (жәллә жәләлуһу) алдында
мадақталып, ұлықтанған әрі, Пайғамбарлық міндетінде-
гі табысқа жетуінің негізгі себепшісі осы екендігі Құран
Кәрімде баяндалған:
«
(Ей, Пайғамбарым!)
Сен тек Аллаһтың рахметімен
оларға мүләйім болдың. Егер дөрекі, қатал болсаң, олар
сенен алыстап, бет-бетіне кетер еді. Оларға кешірімді
бол,
(Аллаһтан
) оларға кешірім тіле, олармен әрбір істе
кеңесіп тұр.
(Кеңескеннен кейін)
бір іске белбайласаң,
Аллаһқа сүйен. Аллаһ сөзсіз өзіне сүйенгендерді
сүйеді»
.
(Әли Имран, 153)
Бір басқа аят кәримада Хақ Тағала малдарын қайырға
сарып етушілерді, ашуын басқандарды және адамдарды