-156-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ризашылық жайында Ибраһим Әдһәм менШақиқи Белхи
арасында болған әңгіме нендей руханиятқа толы.
Шақиқи Белхи Ибраһим бин Әдһәмнан сұрады:
–Күнкөріс қалай болып жатыр?
Ибраһим бин Әдһәм былай жауап берді:
–Тапсақ шүкіршілік етеміз, таппасақ сабыр етеміз!.
Шақиқи Белхи:
– Қорасанның иттері де осылай істейді - дегенде,
Ибраһим бин Әдһәм:
– Ал, сіз не істейсіз - деп сұрады.
Жауап ретінде Шақиқи Белхи:
– Тапсақ шүкіршілік етіп таратамыз, таба алмасақ са-
быр сақтап шүкіршілік етеміз -деді. Хазіреті Рабиядан:
– Аллаһ қашан құлына разы болады? - деп сұрайды:
Ол былай дейді:
– Мехнат бейнет тартып жатқан кезде, нығметке толы
өмір сүріп, жатқан басқаның еткен шүкіршілігіндей,
шүкіршілік еткенде... Ол басқа уақыттарда былай айта-
тын:
«Ділімен емес, тек тілімен ғана истиғфар (Аллаһтан
жарылқау сұрау) айту – өтірікшінің ісі... Ариф деген кісі
– Аллаһ Тағаладаншынайыжүрек талап еткен, тапқанын
Аллаһқа арнаған адам». Мұндай мәртебеге жақындай біл-
ген Хақ достары екі дүниеде нендей бақытты!
Бірақ, тек тән ләззаты мен нәпсі қалауы бо-
лып жүргендердің ақыры міндетті түрде өкініш пен
бейшаралық. Бүкіл мүмкіншіліктері мен күш-қайратын
тән ләззаттарына тұтқындалып жұмсағандар үшін руха-
нияты бар деп айта алмаймыз. Қанағат етушілер болса,
керемет рухани байлыққа ие әрі олар көңіл жомарттары.
Сондай-ақ, көңіл тыныштығы мен бақыт олардан туады.