-154-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бауырлары Хазіреті Юсуфты (аләйһиссәләм) қызғанып,
оны бір құдыққа лақтырып тастау сияқты бір қылмыстан
бас тартпады. Осы оқиға адам баласының бойындағы
қызғаныш сезімінің қаншалықты қатты, қуатты екенді-
гін көрсетіп тұр.
Хадис шәрифте айтылған:
«Сақ болыңдар! Қызғаныш жасамаңдар! Себебі, от
отынды қалай жеп бітіретұғын болса, қызғаныш жасау
да, сауаптарды, жақсылықтарды солай жеп бітіреді».
(Әбу Дәуіт, Әдеп, 44; Ибн Мәжә, Зүһд, 22)
Кілттері көп, сондықтан ауыр, арқалап жүруге мүмкін
болмаған Қарунның қазыналарын иесімен (Қарунмен)
бірге жердің түбіне батырған қызғаныш емес пе? Аллаһ
Тағала Қарунның соңын төмендегідей баяндайды.
«Ақыры оны үй-жайымен қоса жерге кіргіздік.
Аллаһқа қарсы оған жәрдем берер ешбір топ болмағаны
тәрізді, ол өзін қорғап, құтқара алатын адамдардан
емес».
(Қасас, 81)
Қызғаныш әрбір іс-әрекет, жағдайда айыпталса да,
ғыпта (қызығу, құштарлық) деп аталып, басқалардағы
игіліктің жойылып кетуі қаламай, «шіркін-ай, менде де
болса екен!» деп, армандауға рұқсат етілген.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Тек екі кісіге қызығып, құштарлықпен қарауға бола-
ды. Біріншісі
–
Аллаһ Тағаланың берген мал-мүлкін хақ
жолына жұмсай алған кісі. Екіншісі
–
Аллаһ Тағала өзіне
ілім беріп, онымен амал еткен әрі басқаларға үйреткен
кісі».
(Бұхари, Ілім, 15; Муслим, Мусәфирин, 268)
Тек қана осындай бай кісі мен ілімімен адамдарға
пайдалы болып жүрген ғалым кісіге қызығуға бола-
ды. Бұл ғыпта (қызығу) қызғаныштың ақырет пен
жақсылыққа қарай бет бұрған түрі.Үлгілі Пайғамбарлар