Previous Page  149 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 278 Next Page
Page Background

-149-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Оның бұл талабына Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) былай деді:

«Шүкірін орындай алатының аз мал, шүкірін орындай

алмайтын көп малдан қайырлы...»

Бұдан кейін Салебе ойынан бас тартса да, біраз

уақыттан кейін қайтадан Пайғамбарымызға (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) келіп:

– Ей Аллаһтың елшісі, дұға ет, бай болайын! - деді.

Бұл жолы Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) былай деді:

«Мен сен үшін жетерлік үлгі емеспін бе, Аллаһтың

атымен ант етемін, қаласам мына таулар алтын-

күміске айналып артымнан келетін еді. Бірақ мен

қанағат тұттым».

Сәлебе тағы да ойынан қайтты. Бірақ ішіндегі дүние-

мүлікке деген махаббат оты әлі өшпеген еді. Өз-өзіне:

«Бай болсам, пақыр кедейлергежәрдем етіп, мұнан да көп

сауап табар едім» деген ойға шомылып, нәпсінің қатты

талабынан жеңіл бойда Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) үшінші рет барып тұрып:

– Сені хақ Пайғамбар етіп жібергенге ант етемін. Егер

мені байытса пақыр кедейлерге жанашыр болып, жәрдем

етіп, әркімге ақысын берер едім!.. деді. Ақыры, осынша-

ма сіресіп тұрғаннан кейін Аллаһтың елшісі (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Ей, Раббым! Салебеге қалаған байлығын бер,

- деп

дұға етті.

Көп өтпестен батаның берекесімен Аллаһ Тағала Сале-

беге үлкен байлық сыйлады. Малдары тау етегін толтыр-

ды. Бірақ, сол уақытқа дейін, »мешіт құсы» деген атқа

ие болған Салебе мал-мүлікпен айналысып ақырында

жамағатқа қосылмай қалды. Уақыт келіп тек жұма нама-