-155-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мен әулиелерге қызығуға болады. Осылайша руха-
ни құмарту өз жылдамдығын табады. Таза жандардың
(рухтардың) ақырет пен жақсылық туралы қызығулары
сол, жандардың асыл болуларының нәтижесі.
Жаман әдеттердің, мінездердің ең қауіптісі болған
ашкөздік пен қызғанудың тек емі – қанағаттылықтың
көңіл тыныштығы беретін руханиятымен жамылу.
Өйткені қанағаттың көңілге беретін иләһи қазыналары –
бітіп,таусылмас. Сондықтан да Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
�َ�ْ�َ�َ �ٌ �ْ�َ�ُ �َ��َ�َ�ْ�َ
ا
«Қанағат-бітіп, таусылмас қазына»
-,
(Дәйләми, Мүснәд,
4699)
деп бұйырған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, байлықтың шын
мәніндегі таразысы – қанағат. Тәңірдің бөліп, бергені-
не ризашылық көрсетіп, жағдайы өзінен жақсы адамды
қызғанбау. Байлықтың шын мәніндегі ләззатын қанағат
арқылы ғана түсінуге болады.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Тірілуүшінөліңдер, сондағанашынмәніндегі әдемілік
пен байлыққа жетесіңдер».
Бірақ, сұлулар өздерін көретін көз, сүйетін жүрек
іздейтіні рас. Көрмейтін көздерге әдемілік, естімейтін
құлақтарға тамаша ән мен жырдың пайдасы болмағаны
сияқты, тоймайтын ашқарақ мінезділер де, қанағаттың
беретін құзыры мен рахатын сезбейді. Қайсы бір
домбыраның күшті дауысы саңыраулар үшін! Қайсы бір
әтір не раушанның хош исі мұрны ис алмайтындар үшін!
Кәміл адам рызық - несібенің қиыншылығын тартпай-
ды. Олар ризықтың емес, ризықтандырушының соңында.
Басқалардың мүмкіншіліктері мен мал-мүліктеріне
көңіл аударып, көз тікпейді. Әрқашан ризашылықта. Бұл