-148-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Дүниеге сенерсің,
Рызыққа менікі не дерсің,
Неге жалған сөйлейсің
Өйткені, айтқаның болмас!..
Мал иесі, мүлік иесі,
Қане мұның тұңғыш иесі,
Мал да жалған, мүлік те жалған,
Барда, біраз сен ойна!..
(уақыт өткіз)
Шәқики Бәлхи, бір мазараттың жанынан өтіп
бара жатып, ғибратқа толы көзімен бір қарады да
жанындағыларға:
– Бұл жердегілердің көбі өтірікші... - деді. Олар:
– Неліктен? - деп сұрағанда. Ол:
– Олар тірі кездерінде мал-мүлкім бар, үйім бар,
көлігім бар, туысым бар, бау-бақшам бар демейтін бе еді.
Бірақ, сіз де көріп тұрсыз, олай емес екенін!.. - деді.
Ашкөздің иманы мен тәуекелі қызғаныш себебі-
нен үнемі әлсіреуде болғандықтан, оның рухани өмірін
зынданға айналдырады. Хазіреті Мәуләнә ашкөздің халі-
не таңқалып, былай дейді:
«Адамға не болып бара жатыр, алтынның, дүние-
мүліктің құлы болуда. Хақ жолында жұмсалмағанда не-
мене
?
Қандай мағынасы бар. Дүние - мүліктің тұтқыны
болып, оның есігі алдында жылан секілді жерде оралып,
аяқ асты болуы адамды көкке қолын бос жіберткен бір
рухани кедейлік себебі емей, немене
?
!»
Мал-мүліктің тұтқыны болып рухани кедейліктің иі-
рімдерінде тұншыққан Салебенің халі ойландыратын
үлгілердің бірі:
Мәдиналық мұсылмандардың бірі болған Салебенің
мал-мүлікке деген шектен тыс махаббаты бар бола-
тын. Өте бай болғысы келетін. Сол үшін Расулуллаһтан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұға сұрады.