Previous Page  147 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 278 Next Page
Page Background

-147-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

май қалса, «Маған да емес, оған да бұйырмасын» дейді.

Несібелері мол кісілердің нығметмен дарындылығын хош

көрмейді. Тіпті, олардың күйреуін қалайды.

Қызғаншақ

адам қызғанған кісісіне кек, қиянат, өш, алдау, айып-

тау және оны ғайбаттау сияқты жаман сезімдерге толы

жүреді.

Қысқа өмірін арзымайтын қайғы-қасірет және

бос нәрселермен өткізеді.

Өмірі тақуалық шеңберінде болған әулие болса,

дүнияуи істерге жай құштарлық сезімімен қараудың

өзін ұнатпайды. Олар құштарлықтың өзін игілік, бақыт

иелерінің үстіне түсірілген қызғаныш көлеңкесі ретінде

қабылдаған.

«Оған берілген маған да берілсе ғой...» деген сияқты

уәсуәсәлар (шайттаниой) тәңірдіңбөліпбергенінұнатпай,

иләһи тағдырға риза болмаудың бір түрі. Адамонықайдан

білсін! Ғұмыр кешіп жатқан жағдайы – бәлкім, ол үшін

ең қайырлысы. Маруфи Кәрхи:

«Байларға қызғанышпен емес ғибрат алу көзқарасы-

мен, пақырларға тәкәппәрлықпен емес, кішіпейілдік-

пен, әйелдерге шәһуатпен емес, мейірімділікпен қараған

адам – нағыз кәміл пенде»

деген.

Рух жұқарып, нәзік болған сайын дүниеге тән

сүйіспеншілік пен қызғаныштардың бәрі жойылады.

Осылайша мүміндердің рухани денгейлеріне қарай

нығметтерді бағалау өлшемі өзгеше болады да:

Шариғаттағы «сенің малың сенікі, менің малым мені-

кі».

Тариқаттағы (тассаввуф); «сенің малың сенікі, менікі

де сенікі».

Хақиқатта болса; «сенікі де, менікі де Аллаһ

Тағаланікі» деген ұғым шындыққа айналады.

Ашкөздік пен қызғаныштың алданыш, нәтижесінің де

сағым екендігін Хазіреті Юнус керемет суреттейді.