Previous Page  142 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 278 Next Page
Page Background

-142-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

пен сөздерді естіп түсінгендігі мен сол бастағы көз бір

нәрселерді көргендей болуы мүмкін. Бірақ жасырын

сырлар мен дауыстарды естуі керек болған көңіл құлағы

қандай халде?Иләһи құдірет ағыстарымен иләһи сырлар-

ды көретін жүрек көзі қай жерде? Егер оның жандүниесі

кереңнекөр-соқырболса, бұлжағдайғапылдыекі дүниеде

бақытсыз етпей ме?

Риуаятқа (деректерге) қарағанда,Юнус (аләйһиссәләм)

бір күні Хазіреті Жәбірейілге:

«Маған жер жүзіндегі құлшылықты ең көп жасайтын

құлды көрсетесің бе?»-деп өтініш жасады.

Ол бір кісіні көрсетті. Қараса, ол кісі алапес ауру екен.

Ауруының салдарынан аяқ-қолдары шіріп, тіпті екі көзі

көрмей қалған екен. Ол былай деп жатыр еді:

«Ей, Раббым! Маған осы қол мен аяғымның арқасында

не берген болсаң, тек сен ғана бердің. Неден аулақ қылған

болсаң, тек сен ғана аулақ тұрғыздың. Ей, Тәңірім! Менде

тек бір арман қалдырдың. Ол – тек саған қауышу».

Демек, жүрек қағысы құл ризалығы үшін емес, Хақ

ризалығы үшін болғанда, ниеттер мен амалдар өзгеше бо-

лып, Аллаһтың уәдесі болған жәннатқа жеткізетін амал-

дар іске асады. Олай болса ғапылдықтан құтылу үшін

жүректі тазалап, нәпсіні тыйып, жан-дүниені Аллаһтан

басқа нәрселерден босатып, әлемдегі күш-құдірет және

хикмет пен әдеміліктің көріністерін сан қилы бейнелер-

де, жан-дүниеде тамашалап отыру қажет.

Мағрифат (Аллаһты тану) жолындағы біреу айтады:

«Ей,Мағрифатжолаушысы!Бұлжолдасабырсыздықты

сабырмен, ұмытшақтықты зікірмен, опасыздықты

шүкірмен, қарсы келушілікті бойсұнумен, сараңдықты

жомарттықпен, күмәндануды шынайы сеніммен, ри-

яны ықыласпен, қасарушылықты тәубемен, өтірікті

шындықпен, ғапылдықты терең ойлаумен ауыстырмай-

ынша, алға баса алмайсың!…»