Previous Page  140 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 278 Next Page
Page Background

-140-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ол үйден шығып кеткеннен кейін терең бір демін алған

ауру да көршісінің кереңдігін ескермей, артынан жаман

сөздер айтып жатты:

«Жақсы көрші деп жүрген мына адам біздің нағыз

дұшпанымыз екен ғой! Қандай өкінішті! Оның мына

пиғылынан хабарсыз едік!…»- деп, бір сәт тоқтамастан

қаһарланып, көршісіне лағнет айтып жатты. Өз-өзіне:

«Ауруға жағдайын сұрап, көңілін аулау үшін келе-

ді. Ал, мына адам болса, Аллаһ ризалығы үшін емес,

құл ризалығы үшін, тіпті көңіл сұрауға емес, ренжіту,

дұшпандық жасап, аурудан өш алу үшін келген екен.

Дұшпанының ауру, әлсіз, дәрменсіз жатқандығын көріп,

жаман жүрегін қуандырғысы келген екен. Ал, мен оны

осы уақытқа дейін ренжіткен емеспін»-деді.

Хазіреті Мәуләнә былай түсіндіреді:

«Керең кісі аурудың көңілін аулаймын деп, керісінше,

оны ренжітті. Өз ойымен жобалап айтқан сөздерімен

аурудың жүрегіне от тастады. Көзге көріну үшін, ауру

көңілін сұрауға барғандықтан, өз-өзін күнәға батырды».

«Сол ғапылдың қисынсыз құрған жоспарының кесірі-

нен он жылдық көршілік ақысы мен ыстық сезімдер жоқ

болып кетті».

«Сонымен қатар, ауру да ашу-ызаға көміліп сабыр

ете алмады, иләһи нәсіптерден мақұрым қалды. Ол жай-

лы жақсы ойлап, істің мән- жайын асықпай үйренудің

орнына, жаман ойға батып өзіне-өзі жамандық істеді».

«Осылар секілді қаншама кісілер бар, ғибадаттары

мен пенделік істерін Аллаһ ризалығы үшін емес, абы-

рой, атақ-даңқ үшін істейді. Өздерінше нәпсі араласқан

құлшылықтарымен сауап табуға, жәннатқа қол жеткі-

зуге тырысады».

«Алайда,олардыңғибадатдепістегеністері-жасырын

күнә әрі Аллаһқа жасырын серік қосу. Себебі, Аллаһтан