Previous Page  141 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 278 Next Page
Page Background

-141-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

басқаны мақсат тұтып жасалынған ғибадат

күнә.

Көзге көріну үшін оқылған намаз сырт көзге таза болып

көрінгенімен, ішкі әлемінде Аллаһқа жасырын серік қосу

болады. Қалайша ішіне бір тамшы нәжіс түсіп кеткен

бұлақ суы өзінің тәттілігін жоғалтса, ауру да, ғапыл

жүрекпен істелінген ғибадаттар да маңыздылығын

жоғалтады».

Екіншіжағынанқиссадағыкереңөзініңғапылдығымен

аурудың әрекеті мен сөздерін өзінше жорамалдап,

шындыққа симайтын нәтижелер арқылы іс-әрекеттерін

тәртіптеуі бүгінгі руханият кереңдерін еске түсіруде.

Дүние дастарханынан сезімсіз қоректеніп отырғандар

пәни нығметтермен бақытты болуға тырысады.Бұл

жалғанда нәпсіге бой ұрып өмір сүруді жәннат өмірі деп

қабылдайды. Бірақ, бұл иләһи әдеміліктерді аяқ асты

еткендердің ауыр бір есепке тартылатыны ақиқат.

Хазіреті Мәуләнә ғапылдықты, яғни дүниеге тым бе-

рілгендерді төмендегідей суреттейді:

«Егер бұл әлемде әр түрлі шәрбаттардың ең таза, ең

кереметін ішіп, артынан тәтті тамақтар жесең, біліп

қой, түсіңде ішіп-жеген боласың. Оянған кезіңде бұл

әлемде тағы да, аштық пен шөлдеу бар!..Түсіңде ішкен

сол шәрбаттар мен жеген нығметтердің саған еш пайда-

сы жоқ. Яғни дүние-ұйықтаған кісінің түсі сияқты. Шын

мәнінде, дүние мен оның нығметі мынаған ұқсайды:Біреу

түсінде бір нәрсе сұрайды,оған беріледі. Соңында оянады,

түсінде алған нәрселерден ешқандай әсер қалмайды. Бұл

дүние халі – түсте сұралған әрі тек түсте ғана қол жеткі-

зілген фәни ойыншықтардан».

Аллаһ Тағала былай дейді:

«

(Ей, Пайғамбарым!)

Көңілі тартқанын құдай тұтқан

адамды көрдің бе?..»

(Жәсия, 23)

Қиссада түсіндірілген бастағы құлақ, бірнеше әріп