Previous Page  133 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 278 Next Page
Page Background

-133-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ҒАПЫЛДЫҚ

Кең, жазық сахарада жүріп келе жатқан бір саяхатшы

жабайыбірхайуанғакездесті де,жанталасақашабастады.

Бірақ қаншалықты тез жүгірсе де құтыла алмайтын еді.

Сондықтан, алдынан кездесе кеткен терең бір құдыққа еш

ойланбастан секіріп түседі. Төменге қарай құлап келе жа-

тып, құдықтың дуалында өсіп тұрған бір ағашты көрді де

ұстап қалды. Бірақ, ұстап тұрған ағаштың түбін бір қара,

бір ақ екі тышқан үздіксіз кеміріп жатқан еді. Құдықтың

түбіне қараса аузын ашып, құлауын күтіп тұрған үлкен

айдаһарды, одан басқа да, ұяларынан басын шығарып

тұрған төрт жыланды көрді.

Жағдайдың қорқынышты әрі мүшкіл екендігін

түсінген бейшара адам қорқып, қатты қайымға батты.

Кездесе кеткен бұл жағдайы кішкене бір немқұрайлылық

көрсетуге де бір пәсте уақыт жоғалтуға да болмайтын еді.

Тышқандар ағашты кеміріп бітірместен бұрын құдықтан

шығып кетуі керек еді.

Бейшара адам басына төнген бұл қорқыныштың

қиындығын ойлап тұрғанда, өзіне жақын қолы жететін

жерде дуалда әдемі ара балын көрді, жегісі келіп ішінен:

«Мұндай бір жерде мынау неткен әдемі бал! Жағдайым

онша мәз емес, бірақ ең болмаса дәмін бір татып көрейін.

Содан кейін уақыт жоғалтпай жоғары шығармын»-деп

ойлады.