Previous Page  132 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 278 Next Page
Page Background

-132-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Мәуләнә керемет айтқан:

«Ыңырсып жылау күшті әрі, бітпейтін капитал.

Аллаһтың күллі рахымдылығы болса өте күшті бір

сүйеніш. Ей, күліптұрған ғапыл! Күлудің дәмінтаттың,

ендіжылаудыңдадәмінтат!Олшекербұлағы.Аллаһүшін

жылаған көз қандай мүбәрәк көз! Аллаһ үшін жылаған

жүрек қандай мүбәрәк жүрек! Ыңырсып жылағанға

рақымдылық сөзсіз жасалады. Жаратушының сыйы мен

мейірімділік дариясы жылағандар үшін тасиды».

Бұл жайлы шәйх Сади былай дейді:

«

Бұлт жыламай, шымдар қалай күлсін, жыламаған

бала ана сүтін қалай емсін!..»

Бір ғашық сүйіктісінің махалласында (аудан)

тоқтамастан үнемі көз жасын төгіп жүретін. Одан себебі

сұрағанда, былай жауап берді:

«Сүйіктім тұрған жердің топырағын күні келіп,

арамызға шаң-тозаң кірмесін деп, көз жасыммен сулап

жүрмін». Осы тақырыпта хадис шәрифте де айтылған:

«Аллаһтан қорқып көз жасын төккен кісі сауылған

сүт емшекке қайтпайынша жәһәннамға кірмейді»

(Тир-

мизи зуһд-9)

деген сүйіншіге лайық бола алсақ қандай

бақыт!..

Ей, тәңірім! Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) үмметін әр түрлі бәле-апат, қорқыныш, азап пен

ғазабыңнан сақтай гөр! Рахаттық пен қиын-қыстау кез-

дерде барлығымызды үміт пен қорқыныш халінде сабыр

сақтап, иләһи сыйларға қол жеткізген бақтиярлармен

бірге болуды нәсіп ет. Көңілдерімізге тыныштық пен

иман шаттығын бағышта! Әрі иман, әрі парасаттылық

жағынан болсын, әрі ғазап не бәле - апат жағынан бол-

сын қараңғы түндей өтіп бара жатқан мына, күндерімізді

нұрлы, берекелі, қуанышты таңға айналдырғасың!

Әмин!