Previous Page  128 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 278 Next Page
Page Background

-128-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бұл ақиқатқа орай ойлансақ, көптеген апаттардан

құтылудың жолы тек мықты ғимараттар мен кепілді-

гі бар орындар иемденудің жеткіліксіз екендігі айдан

айқын көрініп тұр. Себебі, жер бетіндегі бұзақылық,

алауыздық, опасыздық, Аллаһқа қарсы келушілік, мой-

ын ұсынбаушылық, күнә мен азғындық сияқты Аллаһ

Тағаланың азабын тартатын жағдайлардың көбейуі

иләһи азаптың пайда болуына жол ашады. Құрлық пен

мұхитта тәртіп бұзылады, апаттар бірінен-соң бірі келеді.

Бұл ақиқат аятта былай баяндалады:

«Адамдардыңістегенқылмыстарысебебіненқұрлықта

әрі теңізде апат туылды. Аллаһ оларға райынан қайтар

деп кейбір қылықтарының сазайын тартқызды».

(Рум, 41)

Аят кәримада құлдардың азғындықтарына дүниеде бе-

рілетін жаза туралы «кей бір қылықтарының» деген сөз

қолданылып, негізгі азаптың ақыретте болатындығына

ишарат бар. Сонымен қатар, бұл жазаның ескерту ретін-

де құлдарды азғындықтардан тәрбиелеу үшін екендігі

баяндалған.

Сондықтан осындай оқиғалар болып тұрған замандар-

да басқа уақыттарда істелгеннен де артығырақ Аллаһқа

сыйынып истиғфарды көп айту керек. Себебі, Аллаһ

Тағала аят кәримада былай дейді: َ

ُون

�ِ�ْ�َ�ْ�َ�ْ �ُ�َ

ْو

�ُ�َ�ِّ�َ�ُ�ُ �

ن َا

�َ� �َ�َ

و

«...Олар истиғфар айтса

(кешірім тілесе)

, Аллаһ олар-

ды азапқа салатын емес».

(Әнфәл, 33)

Истиғфармен бірге бәлелердің кетуі, қайырлардың

келуі үшін екі рәкәғат қажет намазын оқып, рахымды

болған Аллаһ Тағаланың мейірімділігі мен шапағатына

сыйынуымыз керек. Аллаһ (жәллә жәләлуһу) былай

бұйырады:

«Әй Мүминдер! Сабырлылықпен және намаз өтеумен

(Аллаһтан)

жәрдем тілеңдер!».

(Бақара, 153)