-123-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(аләйһиссәләм) сондай ауыр жағдайда болғанымен арыз-
данбай, байбалам салмастан шыдап жүрді. Аллаһқа жән
- тәнімен берілгендігін сақтай білді Оның бұл дастани са-
быры, жан - тәнімен берілгендігінің арқасында, Аллаһу
Тағала ондағы барлық дерт пен қиыншылықтарды
өшіріп тастады да оған жанұя мүшелерін, сонымен қатар
бұрынғы өмірін еселеп қайтарып берді.
Бұл оқиғадан түсінетініміз – кейбір апаттарда шей-
іт деп саналатын күнәсіз балалардың, ізгі амалдардың
өлуі және де бұл пәлекеттердің арқасында күнәларының
жарылқануы қаланған құлдардың өлімі де, әрине табиғи.
Бұл жайлы хадис шәрифтерде айтылған: Бір құл үшін
Аллаһ Тағала өзінің құзырында бір дәреже тағдыр етіп
қойған. Ол құл сол дәрежеге амалдарыарқылыжете алма-
са, Хақ Тағала дүниеде оны кейбір бәлелерге ұшыратады.
Кейін сол дәрежеге жетуі үшін оған бәлеге қарсы сабыр
береді». (Рамузул Әхадис)
«ҚұлдыңАллаһ алдындамәртебесі болғанысоншалық,
құл оған ғибадатпен жете алмайды. Сол мәртебеге
жеткенше Аллаһ оған жақтырмайтын (пәлекеттер)
нәрселер жібереді».
(Рамузул Әхадис)
Хазіреті Мұса Туры Синаға бара жатқанда жолда бір
кісіге жолықты. Ол кісі Хазіреті Мұсаға:
– Ей, Кәләмуллаһ! Бір қажетім бар. Мархабат! Туры
Синада Раббыма жалбарынсаң да Ол қабыл етсе! - деді.
Хазіреті Мұса:
– Қандай мұқтаждығың бар? Айт! Соған қарай дұға
етейін! дегенде әлгі кісі:
– Ей, Аллаһтың пайғамбары! Бұл раббым екеуіміздің
арамыздағы сыр - деді.
Мұса (аләйһиссәләм) Туры Синаға барғанда Раббысы-
мен тілдесті де, әлгі кісі үшін дұға етті. Хақ Тағала бұл
дұғаны қабыл еткендігін білдірді. Бұған қуанған Хазіреті
Мұса (аләйһиссәләм) сүйінші беру үшін қайтаржолда әлгі